Қазақстан Қытайдан туристердің алғашқы легін әкелді

Ел жаңалықтары Жаңалықтар Медицина

Atr.kz/29 қаңтар, 2020 жыл. Туристер бортта инфекция жұқтырған адам болмағанын мәлімдеді. Келгеннен кейін оларды тепловизор арқылы тексерген.

Қытайдың Хайнань аралындағы қазақстандық туристер мінген алғашқы рейс Алматыға келді. Sputnik Қазақстан тілшілері оларды әуежайда қарсы алды. Жолаушылардың барлығы дерлік бетперде киген.

Карантин жариялануына байланысты барлық адам үйде отыр, деп атап өтті өз аты-жөнін айтқысы келмеген тағы бір жолаушы. Соған қарамастан, оған демалыс ұнапты.

Басқа жолаушы Әлияның айтуынша, ол Хайнаньда балалармен – қызымен, жиенімен бірге демалған. Жолдамаларды коронавирус туралы жаңалық шыққанға дейін сатып алыпты. Індет таралып жатқанын Қытайға барған кезде бір-ақ білген.

“Балалар үшін мүлдем алаңдаған жоқпын. Онда бәрі тыныш болды. Демалыстың шырқын ештеңе бұзбады. Тек, соңғы екі күн, 26 қаңтардан бастап экскурсиялар мен ойын-сауық іс-шараларын тоқтатты”, – дейді ол.

Рейс 12 сағатқа кешіктірілді

Қазақстандық туристер мінген SCAT ұшағы 29 қаңтарда Хайкоудан ұшып келді. Ұшақ 28 қаңтарда сағат 14:25-те ұшуы тиіс болған, бірақ рейс кейінге қалдырылды. Келу уақыты үш рет ауыстырылды.

Рейс жолаушылары туристерді жинағандықтан ұшақ кешіктірілгенін айтады. Арал тыныш.

“Онда ешқандай дүрбелең жоқ. Бәрі бақылауда. Біз жақсы демалдық. 27 қаңтардан бастап ол жаққа ұшақ ұшпай жатыр, туристерді аралдан шығаруда. Бірақ біз ертерек қайта алмадық”, – дейді олардың көпшілігі.

Оқи отырыңыз:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған