«QAZAQ AIR» қызмет аясын кеңейтті

АПТА: түйін Жаңалықтар Қоғам

Үстіміздегі жылдың желтоқсанның бірінен бастап Атырауды көршілес Орал және Ақтаумен байланыстыратын жаңа әуе желісі ашылды. 

%d0%b6%d0%b0%d0%bd%d0%b0%d0%bb%d1%8b%d0%ba%d1%82%d0%b0%d1%802

Бұл – осыдан бір жарым жыл бұрын құрыл-ған жаңа «QAZAQ AIR» әуе компаниясының маршруттық желісіндегі он екінші қала. Әуе компаниясы Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесі қарсаңында еліміздің батысындағы Ақтөбе, Атырау, Орал және Ақтау қалаларының  арасына тұрақты әуе рейстерін ашып, өздері көрсететін әуе қатынасы қызметінің аясын      едәуір кеңейтті.

Канаданың заманауи үлгідегі «Bombardier Q400NextGen» ұшағы бұл бағыттағы ұшу рейстерін аптасына екі мәрте – жұма және жексенбі күндері жүзеге асырады. Ұшақ үш жаңа турбовинтті, сыйымдылығы 76-78 орынды құрайды. Ұзақтығы 50 минутқа созылатын Атырау–Орал бағытының бір жағына билет құны әуежайдың жолаушылар алымын қоса алғанда  14 707 теңге. Ал, Атырау – Ақтау аралығын небәрі 40 минутта жалғастыратын ұшақтың билет бағасы  11007 теңгеден басталады.

%d0%b6%d0%b0%d0%bd%d0%b0%d0%bb%d1%8b%d0%ba%d1%82%d0%b0%d1%8021

– Осы әуе компанияда алғашқы күннен аға борт-серік қызметін атқарып келемін. Экипаж құрамындағы әріптестерімнің біліктілік тәжірибелері жеткілікті, – дейді ұшақтың аға бортсерігі Лаура Әбиденова.

Қазақ-түрік лицейін тәмамдап, сегіз жылдан бері өз өмірін әуе қатынасымен байланыстырған Бауыржан Сұлтаниязов та жаңа әуе рейсінің ашылғанына қуанышты.  Орал  қаласының  тумасы  бұрын үнемі шет елдерге ұшып жүр екен. Қазір республикаішілік  әуе  қатынастары  арқылы  жолаушыларға  қызмет етуде.

«QAZAQ AIR» АҚ-ның басқарма төрағасы Блэк Поллоктың атап өткеніндей, Қазақстанда әуе ұшақтарын өткен жылдың ортасынан бастап ұшыра бастаған компания осы кезге дейін 180 мың адамға қызмет көрсеткен. Мұны жыл аяғына дейін 200 мыңға жеткізу көзделуде.

Бақытжан ЖҰМАТ

Суреттерді түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған