Президенттің есімі неге екі сөзден тұратыны белгілі болды

Ел жаңалықтары Жаңалықтар Саясат Қоғам

Atr.kz/1 сәуір, 2019 жыл. Қазақстанның қазіргі Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз есімі туралы «Әке туралы толғаныс» атты кітабында жазады.

Тоқаевтың есімін майданда қаза тапқан ағасының құрметіне Қасым деп қойса, пейілі кең азамат болсын деген ниетпен анасы Жомарт деп атаған.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі Кемел Тоқаев белгілі жазушы, қаламгер болғаны көпшілікке белгілі. Кемел Тоқаевтың Қасым деген үлкен ағасы болған. Алайда ол 1942 жылдың ақпанында Ұлы Отан соғысында қаза тауып,  Кемел 18 жасында тұл жетім қалған. Жалғыз бауырының қазасы Кемел Тоқаевтың өміріндегі ең қиын кезең болыпты. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әке туралы толғаныс» атты кітабында жазады. Президенттің есімі қан майданда опат болған ағасының құрметіне қойылыпты.

«Өзімнің есімім үшін тағдыр көруге жазбаған көкеме қарыздармын. Ал жаны жомарт, пейілі кең азамат болсын деп армандаған анам мені Жомарт атапты», – деп жазады Тоқаев кітабында.

Айта кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылдың 20 наурызында ел халқына ант беріп, Қазақстан Президенті болды.

Дереккөз: “Спутник Қазақстан”

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған