Президент жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына келді

Жаңалықтар Саясат Қоғам

Atr.kz/22 мамыр, 2019 жыл. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ақтөбе облысындағы жұмыс сапары басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы бірқатар әлеуметтік және өндірістік нысандарды аралайды. Сондай-ақ, «Халықтың денсаулығын сақтау: саясат, ғылым, білім, алғашқы дәрігерлік-санитарлық көмек практикасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысып, өңірдің жұртшылығымен кездеседі», деп жазды Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған