ОНЛАЙН: Атырауда қайырымдылық марафоны өтеді

0 48 COVID-19: Соңғы поштадан...

atr.kz/21 қыркүйек, 2020 жыл Биыл пандемияға байланысты марафон форматы өзгеше түрде ұйымдастырылады. Марафон 22 қыркүйек пен 31 қазан  аралығында онлайн түрде өтеді, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. 

Марафонға тіркелу «INFINITY FITNESS» клубында (Атырау қаласы, Құрманғазы 12)  өтеді. Әр қатысушыға жеке реттік номері беріледі. Қатысушы өзі қалаған жерде көрсетілген күндер аралығында жүгіріп, нәтижесін ұйымдастырушыларға жібереді. Бұл туралы ӨКҚ-де өткен брифингте Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы Ринат Ибрагимов мәлімдеді. 

whatsapp image 2020 09 21 at 12.45.25 2


–    Биылғы жылы әдеттегідей халықтың басын қосып, ауқымды шара өткізудің реті болмай отыр. Сол себепті марафон тек онлайн форматта өтеді. Бұл жерде жеңімпаздар анықталмайды. Басты мақсат жарыс емес, ең алдымен өз-өзімен күрес, карантин кезінде тұрғындардың спортқа деген қызығушылығын арттыру,- деді Ринат Ибрагимов.

 
Әдеттегідей марафон әр түрлі жас ерекшеліктері бойынша әр түрлі қашықтықтарда өтеді. 10-15 жас аралығындағы балалар арасында 1,2 (3 айналым) және 16 жастар жоғары жасөспірімдер үшін 3 км. (8 айналым). Балаларға қатысу тегін. Алғаш болып тіркелген 10-15 жас аралығындағы 450 балаға және 16 жастан жоғары 700 жасөспірімге естелік медальдар беріледі.


Ал, ересектер арасында онлайн жүгіріс аптаның кез-келген уақытында өз қалаулары бойынша 10, 21 және 42 км. қашықтықта өткізілу жоспарлануда.  


Биылғы жарна көлемі ересектерге 1000 тг. Белгіленген уақытта қашықтықты бағындырған жандар өз нәтижелерін ұялы телефондағы жүктелген қосымшасы (приложение) арқылы ұйымдастырушыларға жолдап, естелік медальмен және сертификатпен марапатталатын болады.

Айта кетейік, барлық жиналған қаражат «Атырау – маленькая страна» қоғамдық бірлестігіне табысталатын болады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз