Өндірістер өрісін кеңейтті

басты жаналык1 Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Бейбіт Мамраев, Кәрібай Мұсырман, Бақытгүл Хаменова, Майра Айсина, Зәуреш Аманжолова Атырау мұнай өңдеу зауытының ұжымымен кездесті. Олар өндірістік нысанның жыл бойы жасаған жұмысымен танысты.

%d0%b1%d0%b0%d1%81%d1%82%d1%8b-%d0%b6%d0%b0%d0%bd%d0%b0%d0%bb%d1%8b%d0%ba1

Сондай-ақ, олар Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында ашылған бірқатар кәсіпорынды аралады. Мұнайлы өңірге жұмыс сапары барысында Мәжіліс депутаттары Зәуреш Аманжолова, Бақытгүл Хаменова «АтырауАгроФеликс» ЖШС жұмысымен танысты. Кәсіпорын көкөніс дақылдарын өз жерімізде өсіріп қана қоймай, өңдеп, дайын өнім күйінде тұтынушыларға ұсынады. «Жергілікті жерде өскен көкөністерден салаттың бірнеше түрі жасалып, арнайы ыдыс-қа салынып, сауда орындарына жіберіледі. Атыраулықтардың отандық өнімге сұранысы жоғары» дейді серіктестік өкілдері.

Бұл күні халық қалаулылары «Жігермұнайсервис» ЖШС жұмысымен де танысты. Үш жүзге жуық адамды жұмыспен қамтып отырған кәсіпорын Қазақстан нарығында 16 жылдан бері табысты еңбек етіп келеді. Айта кету керек, негізінен бұл өндіріс ошағы мұнай ұңғыларын тереңдете бұрғылауға арналған қуатты қондырғылар мен стандартты емес металл құрылғыларды дайындау өндірісіне маманданған. Кәсіпорын мұнай өнеркәсібі жабдықтарының бөлшектерін, үлкен сұранысқа ие бұрғылау қашауларын шығарады.

Бейсенбі күні Парламент Мәжілісінің депутаттары Нұрсая ықшамауданында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынып жатқан тұрғын үй кешені құрылысында,  арматуралар шығаратын «Шеврон-МұнайГазИнк», аса ауыр және көлемді мұнай-газ құрылғыларын жинастыратын «Атырау-МұнайМаш» зауыттарында, қой және түйе жүнін өңдейтін «Каспий Лана Атырау» фабрикасында болып, жұмысшы-қызметкерлерімен кездесті.

Бақытжан ЖҰМАТ

Суретті түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз