«ӨМІР ГҮЛІНІҢ» ӨНЕРЛІ ӨРЕНДЕРІ

Жаңалықтар

AMIR2

– Бұл – елімізде өтіп отырған тұңғыш сайыс, – дейді бізбен арадағы әңгімеде облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы қызметкері Қарлығаш Дәулетова. – «Мүмкіндігі шектеулі» деп жүрген адамдардың Астана сахнасында қалай өнер көрсеткенін өз көзіңізбен көрсеңіз, шынымен де оларға тәнті болар едіңіз. Бәрі өте ғажап болды. Бірі «сайыс», енді бірі «конкурс», «фестиваль» деп атап жатқан осынау республикалық үлкен шараның қатысушыларға берген күш-қуаты ерекше еді. Атыраулық 19 өнерпаз да бұл күндері өздерін шабыттың ұшар басында жүргендей сезінді.
Бұл сөзді мүмкіндігі шектеулі жандардан құралған «Өмір гүлі» ансамблінің жетекшісі Тыныш Жакупова да қуаттады. Оның айтуынша, сайыста өнерлі адам көп болыпты. Соған қарамастан, біздің жерлестеріміз өздерінің тамаша талантымен астаналық көрерменнің ыстық ықыласына бөленген. Сөйтіп, Құлсары қаласының 13 жасар өнерлі ұлы Нұрхат Көбеев «Үздік орындаушы» номинациясы бойынша бірінші орынды, 12 жасар Ақерке Боран «Үздік би» номинациясымен екінші орынды, ал «Ақылдылар» номинациясы бойынша Жансая Биляшева үшінші орынды иемденген. Бір қуанарлығы, жеңімпаздарға бағалы сыйлық пен дипломға қоса біраз қаржының сертификаты сыйға беріліпті.
Бұдан басқа, Шамбозовтар отбасы «Әділқазылар алқасының көзайымына» айналса, Гүлмира Наурызбаева мен Шынарбек Сәрсенбаев «Үздік жоба иесі» ретінде ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің «Әлеуметтік еңбек саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Лиза СЕЙТІМОВА.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған