«Менің донорым – менің батырым!»

FB IMG 1487147632195 1 Жаңалықтар

Осындай атаумен «Жүректен жүрекке» қайырымдық қоры жалпықалалық акция жариялады. #MyHeroDonor хэштегімен әлеуметтік желілер арқылы кеңінен тараған ақпаратта, мақсат – халықты донор болуға шақыру екендігі айтылады.

FB_IMG_1487147632195

«Акция ликемия дертіне шалдыққан балаларға көмектесуге арналып отыр. Ауыр науқаспен ауыратын бүлдіршіндерге кемінде 1000 литр қан жинағымыз келеді. Кез-келген адам 23-24 ақпан аралығында Атырау облыстық қан орталығына келіп, донор бола алады» дейді қор жетекшісі Әйгерім Жәрдемқызы.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау қорының мәліметіне сәйкес, ауруға шалдыққан 1000 адам кемінде 50 донордың көмегіне мұқтаж екен. Десе де осындай қайырымдылық акциялары арқылы, қан тапшылығы мәселесі шешіліп келеді. 2014 жылы ел бойынша 240 мың адам донор болған. Бұл соңғы жылдардағы ең үлкен көрсеткіш.

Қосымша сұрақтар бойынша 8 702 153 8334 телефонына хабарласуға болады. Қан тапсыру кезінде жеке бас куәлігімен келу міндетті.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз