«МЕН ҚАЗАҚПЫН, МЫҢ ӨЛІП, МЫҢ ТІРІЛГЕН»

Жаңалықтар

Одан әрі оқушылар Тәуелсіздікке тарту ретінде әдеби сазды бағдарлама ұсынды. Шара барысында облыстық ішкі саясат басқармасы және «Жастар таңдауы-Атырау» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен «Елім менің» атты патриоттық әндер байқауының І орын иегері Нұрай Әзидолла «Астана» әнімен ортаға шығып, аудиторияны баурап алды.
Тәуелсіздікке қол жеткізуде қазақ халқы талай тар жол, тайғақ кешуден өтті. Егемендіктің арқасында бүгін бейбіт өмір сүрудеміз. Ендігі уақытта Тәуелсіздіктің қадірін терең түсініп, елімізді одан әрі өркендету бәріміздің міндетіміз. Осы орайда, колледж оқытушысы Салима Құлбалиева сөз алып, «Тәуелсіздік бізге қалай келді?» деген тақырыпта баяндама жасады.
Жиын барысында хореография бөлімінің екінші және үшінші курс студенттері классикалық би орындаса, «Өнер және мәдениет» бөлімі студенттерінен құралған «Саз» квартетінің орындауында «Айнамкөл» әні шырқалды. Сонымен қатар, әдеби кеш вокалдық топтың орындауындағы патриоттық әндермен жалғасты.

Алтыншаш
НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған