Мектеп оқушылары демалыстан соң онлайн оқу жүйесіне көшуі мүмкін

Ел жаңалықтары Жаңалықтар

Atr.kz/14 наурыз, 2020 жыл. Қазақстанда мектеп оқушылары 5 сәуірден кейін онлайн оқу жүйесіне көшуі мүмкін. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.


“5 сәуірден кейін біз онлайн оқу жүйесіне көшуге дайынбыз. Мұғалімдер үйде отырып жұмыс істейді. Олардың жалақысы сақталады. Десе де жағдай ахуалға байланысты болады” деді министр Асхат Аймағамбетов баспасөз-конференциясы кезінде.


Қазіргі таңда елімізде қосымша білім беру ұйымдарының жұмысы тоқтатылды. Каникул кезінде мұғалімдерге үйде отырып, қашықтан жұмыс істеуіне болады.
Министрдің айтуынша, әзірге балабақшалардың жұмысы тоқтатылмайды. Алайда ата-аналардың мүмкіндігіне қарай балабақшаға бармауға ұсыныс жасалып отыр. Баланы үйде алып қалса, балабақшадағы орны сақтала береді.


“Келесі мәселе, қосымша білім беру ұйымдары, олар – балалар сарайы, музыка мен өнер мектептері. Осындай ұйымдар көп. Оған балалар көп барады және жан-жақтан келеді. Ондайда инфекцияны жұқтыру қаупі жоғары. Сондықтан біз осы білім беру ұйымдарының жұмысын 5 сәуірге дейін тоқтаттық”, – деді Аймағамбетов елордада өткен баспасөз мәслихатында.


Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған