Махамбеттіктерді не толғандырады? (+ФОТО)

whatsapp image 2020 01 23 at 15.11.13 1 Жаңалықтар

Atr.kz/24 қаңтар, 2020 жыл. Есепті жиынға қатысқан Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов аудан әкімдігінің  жыл бойы атқарған жұмысына оң баға беріп, бірқатар міндеттемелер жүктеді.

Ауданның инфрақұрылымы қарыштап келеді. Мәселен, өткен жылдың өзінде «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында, Махамбет ауылында 4 жоба іске асырылған. Ауылішілік көшелердің  жарықтандыру желілері қайта жаңғыртылып, жаяу жүргіншілер жолы күрделі жөндеуден өткен.  

Сондай-ақ, жаңа мөлтек аудандарға 119 шақырымды құрайтын табиғи газ желісі тартылған. Оған қоса,  «Құрылысшы»  деп аталатын ықшамауданда ашық тренажер, баскетбол ойын алаңдарының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген. 

whatsapp image 2020 01 23 at 15.11.11
whatsapp image 2020 01 23 at 15.11.12 1
whatsapp image 2020 01 23 at 15.11.13
whatsapp image 2020 01 23 at 15.11.11 1
whatsapp image 2020 01 23 at 15.11.14
whatsapp image 2020 01 23 at 15.11.12

Ал, аудан тұрғындарын баспанамен қамту көрсеткіші 2018 жылмен салыстырғанда 3,2 пайызға артқан. Өйткені, есепті кезеңде 45 589 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында көпбалалы отбасылар үшін 6 елді мекеннен 28 тұрғын үй сатып алынған. 

Бұл аталған жұмыстар осы жылы да жалғасын тауып, бірқатар әлеуметтік нысандар пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, жол және  тұрғын үй құрылысы да тоқтамайды.

Дереккөз: Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз