Маңдай тердің жемісі

Маңдай тердің жемісі 1 Жаңалықтар

Жыл сайынғы қалыптасқан игі дәстүр бойынша Тәуелсіздік күні қарсаңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халық арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі үшін ел азаматтарының бір тобын мемлекеттік наградалармен марапаттады.

%d0%bc%d0%b0%d2%a3%d0%b4%d0%b0%d0%b9-%d1%82%d0%b5%d1%80%d0%b4%d1%96%d2%a3-%d0%b6%d0%b5%d0%bc%d1%96%d1%81%d1%96-1

Кеше Салтанат сарайында облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Елбасының Жарлығымен мемлекеттік марапаттарға ие болған бірқатар азаматтарға наградаларын табыстады.

Олардың қатарында мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау, құрылыс, өндіріс, бизнес, ауыл шаруашылығы салаларының өкілдері, мемлекеттік қызметшілер және басқалары бар.

– Мемлекетіміздің Мәңгілік ел болуына және әлемдік қауымдастықта алатын орнын әрі қарай тереңдетіп, аясын кеңейтуде атқарып жатқан жұмыстарыңызға ризашылығымды білдіремін.

Сіздердің адал еңбектеріңіз, елге, жерге, қоғамға көрсеткен қызметтеріңіз ескеріліп, бүгін Елбасының Жарлығымен жоғары марапатқа ие болып отырсыздар. Елбасы миллиондаған адамның арасынан сіздерді таңдады. Бұл – көп жылдық еңбектің нәтижесі, – деген  аймақ басшысы Нұрлан Асқарұлы марапат иелерін құттықтады.

Өткен жылы Мемлекет басшысы «Еңбек даңқы» орденін тағайындаған болатын. Бұл – еңбек адамына деген үлкен құрмет. Биыл ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» ордені Қызылқоға ауданындағы «Тасшағыл» өндірістік кооперативінің аға шопаны Есенгелді Қуановқа бұйырды. Аға шопан бес жыл бойы кооперативте  шопан болып еңбек етіп,  әкесінің жолын жалғап келеді.

– Уақытпен санаспай, күн сайын бес жүздей қойды бағып, мал шаруашылығын өркендетудегі еңбегімді бағалаған Елбасына, облыс әкіміне алғысым шексіз. Шопандардың еңбегі Кеңес Одағы тұсында еленіп келген еді. Енді, міне, сол ұмыт бола бастаған құрмет қайта жанданды. Ризамын, –  дейді марапат иесі.

Ағымдағы жылдың сегізінші ақпаны күні Мақат ауданына қарасты Доссор ауылында отқа оранған үйден үш бірдей бүлдіршінді аман алып қалған  Қуаныш Берденовтің ерлігі көпке үлгі.

%d0%bc%d0%b0%d2%a3%d0%b4%d0%b0%d0%b9-%d1%82%d0%b5%d1%80%d0%b4%d1%96%d2%a3-%d0%b6%d0%b5%d0%bc%d1%96%d1%81%d1%96

– Базарға бара жатып, жолдан кемсеңдей жүгірген кейуананы кездестірдім. «Жанып жатыр! Өртеніп жатыр! Балаларды құтқара көр!» деп ентіккен кейуана барак үйлерді көрсете берді. Қапелімде адам сасқалақтап қалады екен. Шешейден «Үйге қалай кіремін?» деп сұрай беріппін.  Жанұшыра жылаған балалардың дауысын естігенде ғана бойымды жинап алдым. Өрт тұтас үйді алып кеткен. Есік сыртынан құлыптаулы. Оны ломмен сындыратын болсам, уақытты текке жоғалтатынымды түсіндім. Енді қайтем деп тұрғанымда шағын терезеге көзім түсті. Терезеге сыймаймын. Қыс болған соң, киімім де қалың. Сөйтіп, көп ойланбастан, терезені сындырып, айналасын әйнектен тазарттым да, беліме дейін терезеден кіріп, дауыстап балаларды шақырдым.

Терезенің сынған дыбысын естіген болса керек, олар да дыбысқа қарай жүгірді. Сөйтіп, балаларды бір-бірлеп шығара бастадым. Жеті жастағы естиярлауы соңынан шықты. Бірінші шығарған баланың денесі қан болды. «Терезені сындырып жатқан уақытта қате қылдым-ау» деп оны да уайымдап тұрмын. Ғажабы сол, соңғы сәбиді шығарған уақытта үйдің төбесі ортасына түсіп, лезде жанып кетті. Сәбилердің аман қалуы – бір Алланың ғана құдіреті, Жаратушымыздың ғана шарапаты,  – деп еске алды ол бізбен әңгімесінде.

Содан бері  бүкіл атыраулықтар Қуаныш Берденовтің есімін құрметпен атап жүр. «Ерлік жасады!», «Нағыз ердің ісін көрсетті!» деген халық Қуаныштай азаматтарды бейбіт күннің батыры ретінде дәріптеп те келеді. Енді, міне, азаматтың ерлігін Елбасы да бағалап, оған «Ерен ерлігі» үшін медалін тағайындапты.

– Тәуелсіздік – Қазақ елінің басына бұйырған бақ. Сол егемендіктің арқасында еліміз, жеріміз көркейіп, дамып келеміз. Өткен аптада Елбасы Атырауда болған сапарында мұнайлы өлке – Атыраудың да қарыштап дамып келе жатқанын айтып, оң бағасын берген болатын. Міне, бүгін ордендеріңізді жарқыратып тағып отырғандарыңыз да – Тәуелсіздік жемісі. Той тойға ұлассын, – деді салтанатты жиынға қатысқан ҚР Энергетика министрінің орынбасары Мағзом Мырзағалиев.

Сонымен қатар, марапат иелері Төкен Жұмағұлов, Мәдина Ғабдісәлімова және Людмила Нейман да сөз алып, Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, еңбектерін бағалаған Елбасы мен облыс басшылығына алғыс білдірді.

Суреттерді түсірген:

Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Үзінді

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

 

  1. Мемлекеттік және қоғамдық қызметте cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін мыналар наградталсын:

 

ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен

Жұмағұлов Төкен Танаұлы – «Концерн TNS-group» жеке тұлғалар бірлестігінің президенті, Атырау қаласы;

 

«Парасат» орденімен

Қаршегенов Оразғали Төлеуғалиұлы  – «Атырау Жарық» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, Атырау қаласы;

 

«Құрмет» орденімен

Бердімұратов Молдаш – «Хан ордалы Сарайшық» мемориалдық кешені» КМҚК директоры, Атырау облысының Махамбет ауданы

Дәулетжанова Зәбира Жағапарқызы – «Медицина» АҚ бас директоры, Атырау қаласы

Даумов Нұрлыбек Ғилажұлы – «Атырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар ұлттық гимназиясы» ММ директоры, Атырау қаласы

Донсков Александр Владимирович – «АтырауНефтеМаш» ЖШС директоры, Атырау қаласы

Дүйшім Ербол Жексенұлы – Елтай ауылдық округінің әкімі, Атырау облысының Индер ауданы

Қалиев Ғаділхан – «Құрманғазы аудандық мемлекеттік мұрағаты» ММ директоры, Атырау облысы

Маштахов Таупих – «Қамысқала су арнасы» ЖШС директорының орынбасары, Атырау облысының Исатай ауданы

Сәлімгереев Мәлік Жаңабайұлы – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еңбекті, қоршаған ортаны қорғау және бұрғылау жөніндегі басқарушы директоры;

 

ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен

Қуанов Есенгелді Аманқайырұлы – «Тасшағыл» ӨК аға шопаны, Атырау облысының Қызылқоға ауданы;

«Ерен еңбегі үшін» медалімен

Акишев Азамат Нұрдәулетұлы – «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС бас директорының автокөлік жөніндегі орынбасары, Атырау қаласы

Әбежанов Қадірбек  Зиноллаұлы – «Исатай аудандық орталық ауруханасы» КММ фельдшері, Атырау облысы

Әжіғалиева Болған – «Атырау облыстық ауруханасы» КММ тазалықшысы, Атырау қаласы

Әйтішова Ұлдай – еңбек ардагері, Атырау облысы Қызылқоға ауданы

Балтоғаева Оңай Елепқызы – «М.Әуезов атындағы №4 орта мектеп» КММ мұғалімі, Атырау облысының Жылыой ауданы

Ғабдісәлімова Мадина – еңбек ардагері, Атырау қаласы

Жұмалиева Мария Әміржанқызы – «Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ бөлім басшысы

Дүйсалиев Асхат Мубинұлы – «Жігермұнайсервис» ЖШС бас директоры, Атырау қаласы

Есекеш Адайбек Сәдірұлы – «Жанбай ауылдық округі әкімі аппараты» ММ бас маманы, Атырау облысының Исатай ауданы

Жолмағамбетов Табылды – еңбек ардагері, Атырау облысының Мақат ауданы

Киікбаева Майсара Қабұшқызы – «М.Әуезов атындағы мектеп» КММ  директоры, Атырау облысындағы Индер ауданы

Қарабалаев Жанболат Өмірбайұлы – «Тілекші» ЖШС балық аулау звеносының жетекшісі, Атырау облысының Құрманғазы ауданы

Коровицын Сергей Иванович – «Казтрансойл» АҚ Батыс филиалының бас инженері

Қасымов Бақтыгерей – «Сарайшық психиатриялық жүйке аурулары интернаты» медициналық әлеуметтік ММ дәрігер-психиатры, Атырау облысының Махамбет ауданы

Ли Людмила Валентиновна – «ЭйЭлСиСи» ЖШС директоры

Мендалиева Әсима Бесикишқызы – «Нұр Отан» партиясының Мақат аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

Саркенжиев Мақсот – «Қарабау орта мектебі» КММ мұғалімі, Атырау облысының Қызылқоға ауданы

Сүндетова Гүлмайдан Сүндетқызы – «Н.Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясы» КМҚК әртісі, Атырау қаласы

Счастновская Любовь  Григорьевна – «Атырау облысы кардиология орталығы» КММ дәрігері, Атырау қаласы

Тасимов Абат Сапарғалиұлы – «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы

Тынымов Қабиболла – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Атырау электрмен жабдықтау дистанциясы директоры;

 

«Ерлігі үшін» медалімен

Берденов Қуаныш Ұбайдуллаұлы – «Доссор» мәдениет үйінің күзетшісі, Атырау облысының Мақат ауданы;

 

«Шапағат» медалімен

Ғұмарова Қалы Қашқынбайқызы – Үй шаруасындағы патронатты ана, Атырау облысының Индер ауданы

Күмісқалиев Ерлан Асылбайұлы – «Атырау. Маленькая страна» ҚБ төрағасы, Атырау қаласы

Нейман Людмила Павловна – «Атырау облыстық ауруханасы» КМК бас медбикесі, Атырау қаласы;

 

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен

Алпысова Сара – «Құрманғазы аудандық өлкетану мұражайы» КМҚК жетекшісі, Атырау облысы

Бралиева Жанар  Төлегенқызы – «Киров селолық клубы» МКҚКМ директоры, Атырау облысының Құрманғазы ауданы

Жаменова Шарипа Отарғалиқызы – «Н.Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясы КМҚК «Нарын» оркестрінің домбырашысы, Атырау қаласы

Ермұратова Светлана Алашқызы –«Еркінқала дәрігерлік амбулаториясы» КМК медбикесі, Атырау қаласы

Қазымбекұлы Қадыржан – «Бақсай» мәдениет үйі» КМҚК директоры, Атырау облысының Махамбет ауданы

Макимова Мәруаш Жекенқызы – «Х.Досмұхамедов атындағы орта мектеп» КММ мұғалімі, Атырау облысының Қызылқоға ауданы

Махатов Оңдасын Серікұлы  – «Ондасын» ШҚ басшысы, Атырау облысының Исатай ауданы

Молдашев Талғат Әділгерейұлы – жеке кәсіпкер, Атырау облысының Индер ауданы

Саменов Нәсіпқали – еңбек ардагері, Атырау облысының Махамбет ауданы

Сарманов Мұрат Сатыбалдыұлы – «Нұрлы дала агрофирмасы» шаруа қожалығының төрағасы, Қызылқоға ауданы

Сейдахметова Қарылғаш Қабиқызы – еңбек ардагері, Атырау облысының Жылыой ауданы

Сеңгірбай Серік Нұрқожаұлы – Қара Арна селолық округі әкімі аппаратының бас маманы, Атырау облысының Жылыой ауданы

Тұралиева Батима  Ғатауқызы – «Б.Қанатбаев атындағы орта мектебі» КММ мұғалімі, Атырау облысының Мақат ауданы

Юсупов Қайрат Төлепқалиұлы – «Атыраукөлік» ЖШС директоры, Атырау облысы.

  1. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан  Республикасының  Президенті Н.Назарбаев.

Астана, Ақорда, 2016 жылғы 5 желтоқсан

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз