Латын әліпбиіне көшу жөніндегі ақпараттық топ атыраулықтармен кездесті (ФОТО)

Жаңалықтар Рухани жаңғыру Шаһар шырайы

Атырауға латын әліпбиін түсіндіру бойынша арнайы ақпараттық топ мүшелері келді.

IMG-20171109-WA0014

Оның құрамында елге белгілі тұлғалар, блогерлер бар. Олар: Әміржан Қосанов, Ғалым Байтук, Ерлан Саиров, Оксана Лоскутова және Қанат Әуесбай. Ақпараттық топ өңірдің зиялы қауым, БАҚ өкілдерімен және жастармен кездесіп, пікір алмасты.

«Бүгінгі таңда жастар жағы латын әліпбиін енгізудің әдіс, тәсілдері жөнінде көп сұрайды. Елбасы Жарлығының екінші тармағында латын әліпбиіне көшу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы тапсырмасы бар. Сол тапсырма аясында арнайы комиссия құрылып, жаңа алфавитке көшуді кезең-кезеңімен іске асыратын болады. Қазір кемшіліктері болса, олардың барлығы ескеріліп, түзеледі деген ойдамыз»,- дейді саясаттанушы Ерлан Саиров.

IMG-20171109-WA0013

Сондай-ақ, Әміржан Қосанов бастаған ақпараттық түсіндіру тобы «Атырау-Ақпарат» баспасөз клубында журналистермен кездесті.

23316482_1453597338021805_3056437009868627853_n

«Қазір қоғамда латын графикасы үлгісіне байланысты апостроф мәселесі қызу талқыланып жатыр. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлыққа қол қойды. Десе де, бұл әліпбидің түпкілікті үлгісі қабылданды, енді ешнәрсе өзгермейді деген сөз емес. Белгілі бір өтпелі кезеңнен кейін қазақ тіліне, үндестік заңына лайық әліпби жасалатын болады»,-деген саясаттанушы Ерлан Саиров, бұл мәселемен құрылуы тиіс мемлекеттік комиссия айналысатынын, сол себепті азаматтық қоғам өкілдерін белсенді болуға шақырды.

Латын әліпбиінің болашағы, оны кезең-кезеңімен жүзеге асыру мәселелері талқыланған жиында спикерлер журналистер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған