Көрші елден келген көмек

image 22 07 20 03 15 2 COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/22 шілде, 2020 жыл. Әлемді індет жайлаған қазіргідей қиын кезеңде бір-бірімізді демеу, қолдау көрсету айрықша маңызды. Осы мақсатта С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде «Мейірім – көршілестік» акциясы өтті.

Акция аясында аталған жоғары оқу орнына Астрахан облысынан 250 кг гуманитарлық көмек келді. Атырау өңіріне арнайы жіберілген көмек қорында  бетперделер, респираторлар мен арнайы киімдер, медициналық инелер, тонометр мен дәрі-дәрмектер, жағдайы ауыр науқастар үшін жөргектер, антисептиктер мен қызу түсіретін дәрілер бар.

С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің ректоры Гүлзада Шакуликованың айтуынша, «Мейірім – көршілестік» акциясына«Каспий Еуразия» орталығы, Астрахан мемлекеттік техникалық университеті, Каспий маңы университеттері Ассоциациясы, Астрахан облысындағы қазақ, армян, әзербайжан, еврей, ноғай, түркімен ұлттық қауымдастықтары белсене қатысты.

– Бүгінгі сын сағатта қолдау көрсеткен астрахандық әріптестеріміздің достық пейілдері үшін ризашылығымызды білдіреміз. Бізге жеткізілген барлық гуманитарлық көмек мұқтаж жандарға таратылады, – деді Гүлзада Шакуликова.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

image 22 07 20 03 15
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз