КЕРЕК ДӘРІ ҚАЙДА БАР?

55ab1b5f a4e5 477b b73d 2e34710d4f46 COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/3 шілде, 2020 жыл. Атырау дәріхана- ларының алдында ұзын- шұбақ кезек. Кейбір тұрғындар қажетті дәрісін таба алмай, қала ара­лап, сандалуға мәжбүр болуда. Қазір басы ауы­рып, балтыры сыздаған жанның біразы үйде оқшауланып емделуге көшкен.

 Қалада дәрі жоқтығы тура­лы дүрбелеңді естіп, біз де дәріханаларды аралауды жөн санадық. Вокзал маңы шағын ауданындағы «На Гурьев­ской» дәріханасына барып, халықтың әңгімесін тыңдап біраз тұрдық. Біз барған сәтте дәріханада жарық болмады.

 Соның кесірінен кезекте тізілген халықтың қарасы да көп болды. Одан кейін сол бойды жағалай «дәріхана, 24 сағат» деп аталған дәріхананың сыртында біраз адаммен бірге ке­зекте болдық. Ол жерде де бірнеше дәрінің жоқтығын естіп қайттық.

Қазіргі жағдайға байланысты емделу онлайнға көшірілгендіктен, дәріханаға келушілердің көбісі онлайн берілген рецептімен дәрі іздеп жүр. «Дина» сауда орталығындағы қатарласа тізілген дәріханаларда парацетамол, аспирин, цефазолин, цефтриаксон, ампициллин жоқ болып шықты. Біз де дәріханаларға кіріп, жағдайды бақылап шықтық. Бір байқағанымыз, санитарлық талапқа сай ара қашықтық сақтауды тұтынушылар да, дәріхана қызметкері де ұмытқан сыңайлы. Тек, өздеріне қажетті дәрілері табылса болғаны. Дәріханаларға келушілердің бірімен сөйлескен едік.

– Тұмауратып ауырып қалдым. Ем қазір онлайн берілетіндіктен, үйден өзіміз емделуге мәжбүрміз. Емханалардың ешбірі қабылдамайды. Сондықтан, дәрігер берген рецепті тізіміндегі дәріні алуға дәріханаға келдім. Бірақ, іздеген дәріні ала алмадым, – деді қала тұрғыны Жадыра Қабдолова.

Өңіріміздегі дәріханалар желісінің бірі – «Семейное здоровье» дәріханаларының б а с д и р е к ­т о р ы Р у с лан Сәрсеновтың ай­туынша, қала тұрғындарының арасында «дәрі бітіп қалады» де­ген қорқыныш  сезім пайда болған. Соның әсерінен халық жаппай дәріханаларға келіп дәрі іздеуде.

– Осы кезге дейін парацетамолды күніне 50 данасын сататын едік. Қазір халықтың сұранысына қарай күніне 1000-ы өтіп жатыр. Себебі, көпшілік арасында белгілі бір дәріні қабылдау инфекция жұқтырудың алдын алады немесе ауру салдарын азайтады деген жалған ақпараттар таралған. Қазіргі уақытта дене қызуын түсіретін дәрілерге бұрынғыдан да көп мөлшерде тапсы­рыс берудеміз. Сонымен бірге, кейбір дәрілерге шектеу қойдық. Мысалы, аспиринді Авангард ықшамауданындағы «Семейное здоровье» дәріханамызда бір адамға бір-бірден берілсе, ал, Нұрсая ықшамауданындағы дәріханамызда бір адамға 5 данадан, бағасын 55 теңгеден сатып жатырмыз. Тұтынушыларды қолымыздан келгенше дәрімен қамтамасыз етудеміз. Егерде дәрі жо қ б о л с а , о н ы ң о р н ы н алмастыратын дәріні ұсынамыз. Олардың атаулары бөлек, кейбір құрамы бірдей. Мәселен, ампициллин орнына бензил­пенициллин, цев-3 орнына цефамедті пайдалануға болады.

С о н д а й – а қ , ф а р м а ц е в т мамандарының тапшылығы да жұмысымызға кедергі болып отыр. Мысалы, кезектің көптігін көрген халық дәріханада кезек күтіп тұрғысы келмейді. Сол себепті, олар өзіне қажетті дәрінің бар-жоғын фарма­цевт маманынан сұрағысы келеді. Бірақ, көпшіліктің сұрағына жауап беретін олардың мүлдем уақыты жоқ. Алдына келген тұтынушыдан босамайды. Жұмыс іздеушілердің кез келгенін жұмысқа ала алмаймыз. Бізге фармацевтті оқыған, білімді маман­дар аса қажет. Фармацевт маман­дары болса, оны көптеп жұмысқа алуға дайынбыз. Алдағы уақытта келушілерді көп күттірмеуге және де дәрі туралы кассаға бармай тұрып толық ақпаратты алулары үшін жағдай жасау жоспарымызда бар, – деді дәріхана басшысы.

Оның айтуынша, мұндай мәселені шешу үшін, ең алдымен, халықты сабырға шақырып, түсіндіру жұмыстары жүргізілуі керек. Төтенше жағдай кездегідей бетпер­де жетіспеушілігі секілді, дәріге де сұраныс артты. «Семейное здоровье» дәріханалар желісі қазіргі уақытта тұтынушылары үшін бетпердені 85 теңгеден сатып жатқандығын, оның сапасы да, бағасы да қолжетімді екендігін, халықтың уайымдауы­на негіз жоқтығын тілге тиек етті. Сол секілді дәрінің де мәселесі шешілетініне сенімдері мол. Ол үшін тек халық сабыр сақтап, мөлшерден көп дәріні ала бермеуге шақырды.

Дәрі тапшылығы жөнінде Атырау облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті өкілдеріне сұрақ қойған едік. Аталған мекеме басшысының орынбасары Сара Рзағалиқызының мәліметінше, қазіргі жағдайға байланысты кейбір дәрілердің тапшылығы байқалады. «Жалпы, дәріге байланысты халықтан шағым келіп түскен жоқ. Қоймаларға дәрі-дәрмектер келген бойда дәріханаларға жіберіледі» деді Сара Оразова.

 Гүлдана ЖАМБОЗОВА

***

 «Сұранысқа сай дәріні сатып алу және жеткізу тәртібіне өзгеріс енгізілді. Отандық өндірушілер дене қызуын түсіретін препараттардың ауқымды партиясын өндірді. 70 мың ингавирин, 49 мың тераф­лю қорабы шетелден әкелінді. Апта соңына дейін өңірлерге жеткізіледі».

Алексей ЦОЙ,

ҚР Денсаулық сақтау министрі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз