ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАНДАР, ГАЗЕТ ЖАНАШЫРЛАРЫ ЖӘНЕ АВТОРЛАРЫМЫЗ!

Жаңару мен жасампаздықтың берекелі бастауына, ырыс пен ынтымақтың алтын арқауына айналған Әз Наурыз келіп, құт қонған Атырау аймағын мерекелік реңге бөлеуде, қуанышқа кенелтуде.

Атырау өңірі – қара алтынның қаймағы қалқыған жер. Мұнайлы өңірге алыс-жақыннан келіп, еңбек етіп жатқан отандастарымыз да, шетелдіктер де көп. Олардың бәрі де азаттықпен бірге арайланған Атыраудың шалтты тұрмысына, жайлы өміріне қызыға қарайды. Ел Тәуелсіздігімен өркен жайған өңірімізде жүзеге асырылып жатқан игілікті істер газетіміздің әр бетіндегі үлкенді-кішілі материалдардың өзегіне айналған. Оны өздеріңіз сәт сайын байқап, біліп жүрсіздер. Өздеріңіздің де осынау абыройлы іске үлес қосып жүргендеріңіз біз үшін үлкен мәртебе! Бұл бәтуалы байланысымыз алға қарай да нығая түскей.

 Мейірім мен шуақ төккен молшылық мерекесі баршаңыздың да шаңырағыңызды жылы нұрына толтырсын. Әз Наурыз баршамызды асқаралы армандарға бастасын! Ұлық мерекеміз әр шаңыраққа бақ қондырып, қыдыр дарытсын! Еліміздің мәртебесі биіктеп, абыройы асқақтаған мерейлі сәттерге куә бола берейік! 

Өздеріңізге деген ыстық ілтипатпен,

       «Атырау-Ақпарат» ЖШС-нің директоры
                                                      БЕРІШБАЙ Төлеген Сақтағанұлы.
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз