«Індетті жоймай, үйге оралмаймыз»

COVID-19: Соңғы поштадан... Жаңалықтар Журналистік зерделеу Медицина

Аtr.kz/22 маусым, 2020 жыл.  Мемлекет басшысы елде төтенше жағдай жариялағаннан бері инфекционист дәрігерлер ауруханада тұрып жатыр, туыстарымен тек телефон арқылы сөйлесе алады. Көпшілігін үйінде балалары күтіп отыр. Алайда, оларға коронавирус инфек­циясымен күресті аяқтап қана үйіне қайтуға мүмкіндік бар.

Атыраулық инфекцио­нист дәрігерлер медицина мекемелерінде «оқшауланып» жұмыс жасауда. Ауруды жұқтыру қаупі жоғары болғандықтан, міне, үш айдың жүзі болып қалды, осы уақытта жақындарымен жүздесе алмағаны рас.

 Осындай қиын сәтте үкімет дәрігерлерге қолдау көрсетілетінін айтты, енді ақ халаттылар миллион теңгеге дейін жалақы алады. Бірақ, мәселе ақшада ғана ма?! Ақ халатты абзал жандар панде­мия басталған сәттен бастап, жұртшылықтың денсаулығын, вирустың сау адамдарға тарал­мауын ғана көздеп, сол үшін жұмыстанды. Олар ақша, жеке бас мәселесі туралы ойланған да жоқ. Тек Гиппократ алдында берген анттарына адалдықты сақтауды мұрат тұтқан дәрігерлер індеттің өте жылдам жұғатынын біле тұрып, өздеріне де жұғу қаупі бар екеніне қарамастан, жанкештілікпен күреске кірісті. Біз №2 Атырау облыстық ауру­ханасы директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Надя Ерғалиевамен сұхбаттасқан кезде көзіміз көп нәрсеге жет­кендей болды.

АУРУХАНА ҮЙІМІЗГЕ АЙНАЛДЫ

П р е з и ­дент төтенше жағдай туралы жариялағаннан кейіноблыстық №2 аурухана қызмет- керлері өз жұмыстарын қалай ұйымдастырды? «Біз сіз үшін жұмыста қалдық, сіз біз үшін үйде болыңыз» деген акция шеңберінде қызмет жасадыңыздар ма?

– Атырау облысы әкімдігі, о б л ы с т ы қ д е н с а у л ы қ сақтау басқармасы, ауру­хана әкімшілігі тарапы­нан көптеген жұмыстар жүргізілді. COVID-19 инфек­циясын жұқтырған науқастар түспестен бұрын біздің бөлімдер толық жұмыс жа­сап жатты. Жұқпалы ішек аурулары, жедел респира­торлар, терапия, хирургия бөлімшелері өз жұмыстарын атқарды. Ағымдағы жылдың 27 наурызынан бастап, «ко­ронавирус тіркелді, біздің ауруханаға әкелінеді» де­ген кезде науқастардың, персоналдың қауіпсіздігі үшін бұрыннан емделіп жатқан сырқаттар облыстық ауруханаға, облыстық балалар ауруханасына эвакуациялан­ды.

Сол күннен бастап, 180 кереуеттік жұқпалы ауру­лар стационары жасақталды. Біз күндіз-түні коронави­рус жұқтыру ошағында жұмыс жасадық және жасап та жатырмыз. Күні бүгін COVID-19 инфекциясының жұғу қауіптілігі арта түсуде. Жеке инфекциялық блокта індетке шалдыққан науқастар жатады. Вирустың алғашқы жағдайы тіркелген кезден күні бүгінге дейін үйге бар­майтын болдық, себебі, біз де науқаспен байланыста болып, вирус тасымалдаушы болуы­мыз мүмкін ғой.

Қазіргі таңда тоғыз ин­фекционист дәрігер, бес ре­аниматолог дәрігер, 100-ге жақын орта және кіші меди­цина қызметкерлері індетпен күндіз-түні күресуде.

КҮШЕЙТІЛГЕН РЕЖИМДЕГІ ЖҰМЫС

Қалай ой­л а й с ы з , қазақстандық д ә р і г е р л е р і н д е т к е д а й ын болды ма? Панде­мия кезіндегі күшейтілген режимде жұмыс жасау үшін дәрігерлер қандай дайындықтардан өтті?

– Коронавирус пандемия­сы – бүкіл әлем үшін, оның ішінде Қазақстан үшін де үлкен сын. Соған қарамастан қазақстандық дәрігерлер «тәжтажалмен» күреске дайын болды. Ақтөбе қаласындағы медицина институтын бітіріп, алғаш еңбек жолымды 1987 жылы балалар дәрігері болып бастадым. Резидентурада оқып, инфекционист-дәрігер ретінде 1995 жылдан бері сырқаттарды емдеудемін. Әрине, біз мұның бәрін теорияда оқып, тәжірибеде көрген болатын­быз. Медициналық жоғары оқу орнында оқитын әрбір студент обаға қарсы киімді қалай кию керек екенін біледі. Дәрігерлер үшін, әсіресе, инфекционистер үшін әртүрлі оқиғамен тұрақты түрде тренингтер өткізіледі.

Қазір біз жеке және топ бо­лып жұмыс істеуді үйреніп, жаңа мәлімет алып жатырмыз. Дәрігерлер мен басқа да меди­цина қызметкерлері кесте бой­ынша жұмыс істейді. Әр дәрігер алты сағаттан кезекшілікте болады. Таңғы 6.00-де кірген дәрігер 12.00-ге дейін болады. Одан кейін келесі ауысым келеді, олар кешкі 18.00-де шығады. Одан кейінгі ауысым 00.00-де, олар 06.00-де ауы­сады. Кезекшіліктен кейін міндетті түрде демаламыз. Атырау облыстық әкімдігінің қолдауымен «Шағала» қонақүйінен арнайы автобус бөлінген, олар дер кезінде та­сымалдап отыр.

АРНАЙЫ КИІМДІ ҮНЕМІ КИЮ – АУЫР…

Сіздер инфек­ция ошағында жұмыс жасайтындықтан, арнайы киім киесіздер. Пандемия басталған кезден бастап, бетперде, қолғаптан б а с т а п , а р н а й ы киіммен қамту қалай ұйымдастырылды?

– Медицина қызметкерлері қажетті киім-кешекпен толық қамтамасыз етілген. Науқаспен қарым-қатынаста болғаннан кейін әрбір екі- үш сағат сайын, кейде алты сағатта бір реттік киімді ауыстырамыз. Ол енді қажеттілігіне, инфекцияның ауыр-жеңілдігіне байла­нысты. Дезинфекция хат­тама бойынша жүргізіледі. Дәрігерлер, медперсонал­дар бөлімшеге кірер алдында фильтрден өтеді. Кірердегі сүзгіште комбинезон, бахил, қолғап, бетперде, респиратор, көзілдірік киеді. Медици­на қызметкерлері бір-бірін қадағалайды. Егер көзілдірік олқы тұрса, мақта тығылады, киімнің ашық жері жабылады.

Арнайы обаға қарсы киім вирустан қорғайды, бірақ, үлкен ыңғайсыздық тудырады. Бұл медици­на қызметкерлерінің ауыр еңбегін көрсетеді. Өкінішке қарай, бұл – жұмыстың бір бөлігі ғана. Бөлімшеде әркім өзінің лауазымдық қызметін атқарады. Кезекшілік біткеннен кейін, екінші сүзгі бар. Онда жуынып, киім ауыстырып шығады. Киіну жауапты болса, шешіну одан да жауапты. Өйткені, киімде ви­рус бар деп есептелгендіктен, әр киімді шешер алдында медицина қызметкері қолын дезинфекциялауға арналған ерітіндіге малып отырады. Киімнің ішкі жағын сыртына қаратып шешу керек, сыртын­да инфекция болуы мүмкін.

«БҮКІЛ ҰЖЫМ КЕШКЕ ҚАРАЙ ОТБАСЫЛАРЫМЕН СӨЙЛЕСЕДІ…»

Карантиндік ш е к т е у қ о й ы л ғ а н уақытта инфек­ция тасымал­даушы болулары мүмкін деп есептелгендіктен, дәрігерлерге туыстары­мен кездесуге тыйым салынды. Сіз оны қалай қабылдадыңыз?

– Тек телефон арқылы сөйлесе аламыз. Осы жылғы 27 наурыздан бас- тап үйлерімізге бармай, н а у қ а с т а р д ы ң т і л е г і н тілеудеміз. Үш ай бойы үйге бармау, отбасы мүшелерін көрмеу, ұл-қыздарына мейірімін беріп, аяламау – өте ауыр. Оны кім-кім де түсінеді. Алайда, елдегі жағдайға байланысты, өзіміз таңдаған мамандықтың ерекшелігіне сәйкес, осын­дай талапты орындауға ти іспі з .

Бір мен емес , дәрігерлер мен медбикелер, ауруханада қалуға тиіс деп есептелген ұжым мүшелері кезекшіліктен босаған сәттерінде қолдарына теле­фондарын алып, үй-ішімен, балаларымен, жолдас- жораларымен сөйлеседі . Көздеріне жас алып жата­тын әріптестеріміз де бар. Коронавирусты жеңбей үйімізге оралмаймыз. Осын­дай сәтте көмек көрсеткен, қолдау білдірген туыстары­ма, достарыма, әріптестеріме алғыс айтамын. Алайда, оларды тезірек көргім келіп, сағынғанымды жасыра ал­маймын.

Орта медицина қызметкерлерін кезең-кезеңімен демалтуға жіберудеміз. Бастапқыда науқастар саны аз болғанда, палаталардан дәрігерлерге орын бөлінді. Ыстық тамақпен, жататын орынмен қамтамасыз етілді. Ағымдағы жылдың 27 сәуірінен бастап, Атырау облысы әкімдігі тарапынан қызметкерлер қауіпсіздігі мақсатында «Шағала» қонақ үйінен орын бөлінді. Онда әр қызметкерге бір-бір бөлме бөлінген, бар жағдай туғызылған. Алдағы уақытта медперсоналдарды вахталық әдіспен жұмыс жасауға көшіру жоспарда бар…

Әңгімелескен: Гүлзада НИЕТҚАЛИЕВА

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған