Елбасы мен Қытай Халық Республикасының Төрағасы қандай келісімге келді?

20190428132245 Жаңалықтар

Аtr.kz/28 сәуір, 2019 жыл. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті. Бұл туралы Елбасының баспасөз қызметінен мәлім етті.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Си Цзиньпинге қонақжайлық көрсеткені үшін ризашылық білдірді.

«Қазақстан тәуелсіздік алған кезден бастап, мен сіздің еліңізбен өзара түсіністік пен ынтымақтастықтың осындай деңгейіне қол жеткізу үшін жұмыс істедім. Осы жылдар ішінде арамыздағы барлық өзекті мәселелер шешімін тапты. Біз шекарамызды белгілеп, сенімге негізделген диалогтың деңгейін көтердік», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

20190428132253

Елбасы экономиканың түрлі секторларындағы қатынастардың жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті.

«Қытай мемлекеті Қазақстан үшін көршілес ел және экономикалық серіктес қана емес, сонымен бірге сенім артып, тірек санайтын біздің жақын досымыз», – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз