Депутаттар бюджетті бекітті

c3ee80b13514c356aa57fe674000db2b XL Жаңалықтар

Атырау қалалық мәслихатының кезектен тыс ХХХI сессиясы өтті. Депутаттар 2019-2021 жылдарға арналған қалалық бюджет пен өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясында атқарылатын жұмыстарды талқылады. 2019 жылғы бюджет жобасы туралы қалалық әкімдіктің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Рулана Досқалиева баяндама жасады.

c3ee80b13514c356aa57fe674000db2b_XL

Келер жылғы қалалық бюджетке түсетін кіріс көлемі 117,7 млрд. теңге көлемінде болады деп болжануда. Бұдан облыстық бюджетке 86 млрд. теңге алынады. Қалған қаражаттың 4,9 млрд. теңгесі инженерлік инфрақұрылым құрылысына, су құбыры мен кәріз жүйелерін дамытуға, абаттандыруға, мектептерге спорт алаңдары мен жалғама құрылыстарға және басқа да әлеуметтік нысандар салуға жұмсалатын болады.

Облыс орталығының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына – 3,8, білім беру жүйесіне –16,8 млрд., әлеуметтік қамсыздандыруға  1 млрд. 60 млн. мәдениет пен спортқа 880 млн. теңге бөлінеді.

Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы Шәкір Кейкиннің айтуынша, биыл өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша ұзындығы 200,9 шақырым болатын 268 көше асфальтталған. Ал, алдағы жылы осы тұрғын үй массивтерінде жалпы ұзындығы 100 шақырымға жуық 101 көшені асфальттау жоспарланып отыр. Сондай-ақ, тұрғындардың өтініштеріне сай қалалық және ауылдық округтердегі 141 көшеге жол салу бойынша жобалық-сметалық құжаттамалар дайындалуда.

Бақытжан ХАМИТҰЛЫ.

 

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз