COVID-19: Шұғыл штабтан қажетті ақпаратты алыңыз!

6cb67d86 2746 4a32 856b 420756dc1c52 COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz / 9 шілде, 2020 жыл. Атырау облысында коронавируспен күрес жөніндегі Шұғыл штаб жұмысы басталған 3 тәулік ішіндекөптеген сұрақ пен ұсыныс түскен, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы  Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің қатысуымен ӨКҚ-де өткен онлайн брифингте белгілі болды. 
-Келіп түскен сауалдарға облыстың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің соңғы қаулысы негізінде жауаптар берілді.

Сондай-ақ, тұрғындар тарапынан айтылған  ұсыныстар негізінде, қаулыға тиісті өзгерістер енгізілді. Нәтижесінде дәріханалардың жұмыс кестесі алғашқы күндері сағат 18.00-ге дейін болса, қазір сағат 22.00-ге дейін ұзартылды.

Ал, букмекерлік кеңселер мен кальян барлардың жұмыстарына тыйым салынып, тұрғын үй маңында орналасқан шағын азық-түлік дүкендеріне жұмыс жасауға рұқсат етілді, –  деді облыс әкімі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз