Бурабай мен Зеренді демалыс аймақтары жабылады

Ел жаңалықтары Жаңалықтар Қоғам

Atr.kz/22 шілде, 2020 жыл. 24 шілде сағат 00:00-ден бастап 3 тамызға дейін туристік аймақтың айналасына түгел блокпостар қойылып, көлік кіруге тыйым салынады.

«Ақмола облысы туристік бизнес өкілдеріне ескертеміз. Карантин шараларының күшеюіне және туристік орындарда демалушылардың жауапкершілігінің төмендігіне байланысты 24 шілде сағат 00:00-ден бастап 3 тамызға дейін Ақмола облысының туристік аймақтары жабылады» деп хабарлады Ақмола облысының туризм басқармасында.

24 шілдеге дейін қонақ үйге келіп, жайғасып үлгерген адамдар демалыс базасының ішінде қала береді. Курорттағы адамдар маска тағып, әлеуметтік арақашықтықты сақтауы тиіс. Отельерлер осы уақыт аралығында бронь қабылдамайды.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін санаторийлер мен курорт нысандары санитарлық-дезинфекциялық режимді күшейтіп, жұмысын жалғастыра береді. Жағажайды, сауна мен бассейнді жалға беру қызметі тоқтатылады. Жағалауда орналасқан қайық стансалары, сауда және ойын-сауық нүктелері жабылады.

«Шектеу шаралардың сақталуы қатаң бақыланады. Сондықтан жағдайға түсіністікпен қарап, осы уақыт аралығында демалыс орындарына барудан бас тартуыңызды сұраймыз» деп түйіндеді басқармада.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған