Биыл 13 мың мұқтаж отбасы баспаналы болады

Жаңалықтар

Atr.kz/30 қаңтар, 2019 жыл.    2020 жылы Үкімет 11 мың аз қамтылған отбасыға мемлекет қаражатынан пәтер беріледі, ал екі мың пәтер – демеушілер есебінен беріледі.

Бұл туралы Мәжілісте премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев айтты.

  «Басты мәселе – қазақстандықтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету. Былтыр Қазақстан тарихында алғаш рет 13 миллион шаршы метр тұрғын үй берілді. Яғни 95 мың отандасымыз баспаналы болды«, – деді Сапарбаев. 

Оның айтуынша, Үкімет аз қамтылған отбасыларды қолдау мақсатында жұмыстар жүргізіп жатыр.  «Былтыр аз қамтылған отбасыларға 11 мың пәтер берілді. Оның ішінде екі мың пәтер – демеушілер есебінен. Қазір біз 2020 жылы осы көрсеткішті ұлғайтып, 11 мың пәтер – мемлекеттік бюджеттен және екі мың пәтер – демеушілер есебінен беруді көздеп отырмыз«, – деді Үкімет басшысының орынбасары.

Дереккөз: http://tengrinews.kz

http://atr.kz/bez-rubriki/m%D3%99ulit-keshinde-atyrauda-el-%D2%AFlesi-p%D3%99terge-zhobasy-ayasynda-baspana-tapsyryldy/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз