Бензин бағасы неге қымбаттады?

3656034 Жаңалықтар

Atr.kz/13 ақпан, 2020 жыл. Қаңтарда жылдық инфляция 5,6% құрады. Азғантай өсім реттелетін қызметтер мен бензин бағасы тарапынан көрсетілген қысымның салдары болды, деп мәлімдеді Қазақстан Республикасы ұлттық банкі төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов.

«Азық-түліктік емес жылдық инфляция 5,2% құрады (өткен айда 5% болған). Бұл акциздердің артуына байланысты бензиннің қымбаттауы есебінен болды. Көлік қызметтері және электр қуаты бағасының өсімі ақылы қызметтер инфляциясының ұлғаюына ықпал етті (инфляция 2019 жылдың желтоқсанындағы 0,7%-тен 1,4%-ке дейін артты)», – деді ұлттық банк төрағасының орынбасары.

Ал азық-түліктік инфляция қаңтарда баяулады. Бұған жеміс-жидек, көкөніс, ет, ет өнімдері, нан-тоқаш өнімдері, жарма, балық, май бағасы өсімі қарқынының төмендеуі әсер етті. Осылайша, 2020 жылы азық-түліктік инфляция баяулай түседі деп болжанып отыр.

Дереккөз: «Спутник Қазақстан»

Тағы оқыңыз:

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauda-birinshi-topta%d2%93y-m%d2%afgedek-zh%d2%afrgizushi-ku%d3%99ligin-aldy/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз