Барлығы 115: Атырау облысының бас дәрігері Нұрлыбек Қабдықапаров әлеуметтік желідегі 12 ИВЛ аппарат туралы ақпаратқа түсінік берді

COVID-19: Соңғы поштадан... Жаңалықтар

Atr.kz / 14 шілде, 2020 жыл. Нұрлыбек Қабдықапаровтың айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігінің есебінде көрсетілген 12 ИВЛ аппарат Атыраудағы инфекциондық стационарға тиесілі” деп хабарлайды облыстық коммуникациялар қызметі.

Яғни,  бұл аппараттар №2  Атырау облыстық ауруханасының  реанимациясында орнатылған.

«Қазіргі уақытта Атырау қаласындағы аталмыш инфекциондық стационарда  12 реанимациялық  кереует бар. Соған сәйкес, 12 реанимациялық кереует 12 ИВЛ аппаратпен жабдықталып отыр.

Ал, облыстық ауруханадағы провизорлық орталық 14 ИВЛ аппаратпен жабдықталды.  Сонымен бірге, перинаталдық орталық, облыстық балалар ауруханасы да  арнайы балаларға арналған ИВЛ аппараттармен қамтамасыз етіліп отыр.

Қазіргі уақытта Атырау облысындағы емдеу орындарында 115  ИВЛ аппарат бар. Алдағы  уақытта қажетті ИВЛ аппараттар саны демеушілік есебінен көбейеді  деп күтілуде» деді Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған