Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы сақталады

Жаңалықтар

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы сақталады, кей жерлерде қар жауып, республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығысында жауын-шашын күтіледі деп хабарлайды ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

pogudx4ie51hd52cf.27967eda

Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді, тұман болады. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында бұрқасын, тұман болып, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қарағанды, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман болады. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с күшейеді. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, Жамбыл облысының кей жерлерінде, Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Маңғыстау облысының кей жерлерінде  көктайғақ, бұрқасын  болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының  кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады, жел 18 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан  облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, түнде және таңертең туман болады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз