Қазақтың «Артегі» – «Балдаурен»

нкок5 Жаңалықтар

ХХ  жазғы  маусымын  жапты

Бұдан тура қырық жыл бұрын «Қазақстан пионері» газетінің «Жаз дәптері» конкурсында бас жүлдеге ие болып, Фариза апамның қолынан алған жолдамамен атақты «Артек» лагерінде демалып қайтқан мен дәл осындай керемет орынды өз елімізден көріп, ерекше әсерге бөлендім. Бұл даширек ғасырлық тәуелсіздігіміздің жарқын жемістерінің бірі.

Иә, биыл да Қазақстанның інжумаржаны саналатын Бурабайда Атырау өңірінен жүз бала демалып қайтты. Аз қамтылған отбасының балдырғандары және балалар үйінің тәрбиеленушілері бұл жолы «Балдәурен» деп аталатын оқусауықтыру орталығында қызықты күндерін өткізді. НКОК компаниясының демеушілігімен осы лагерге баспасөз туры ұйымдастырылған болатын.

%d0%bd%d0%ba%d0%be%d0%ba2

 

Бар жақсымызбалаларға!

«Маған «Балдәуренге» демалуға барасың» дегенде өз құлағыма өзім сенбедім» дейді Атырау қаласындағы Д.Байбосынов атындағы №13 ұлттық мектепгимназияның оқушысы Бағила Мырзағалиева.

– Бұл менің көптен күткен арманым болатын. Қырсық шалғанда, жағымды жаңалықты естіген күні жеке бас куәлігімді жоғалтып алдым. Сөйтіп, «арманым іске аспайтын болды ғой» деп өкіндім. Сонда да үмітімді үзбей, құжатымды іздей түстім. Бір күні куәлігімді күнделікті үй тапсырмасын орындайтын үстелімнің бұрышынан тауып алмасым бар ма?! Сол кездегі қуанышымда шек болмады. Жол жүру билетін ресімдеп, ұшақпен ұшып баратынымды естігенде қуаныштан есімді жоғалтқандай болдым. Маған мұның бәрі түсім секілді көрінді.  Сөйтіп, мен «Балдәурен» лагеріне тап болдым, –  дейді Бағила бізбен әңгімесінде.

Көкшетау. Бурабай көлі. Айнала қоршаған жасыл алқап. Бұл өңірде өткізген екі апта уақыт балалар үшін бір күнгідей болмай зулап өтіп шықса керек.

– Мен жоғары топтағы №22 отрядта болдым. Барлық ұл-қыздармен тез тіл табысып кеттік. Лагерде әр күннің минутына дейін жоспарланған. Танымдық ойындар, спорттық, тәрбиелік шаралар жиі өтті. Барлық бала белгілі бір іспен айналысып, ешкім бос жүрмеді. Тіпті, үйімізді де ойлайтын уақыт болмады, – дейді Атыраудағы №16 орта мектептің оқушысы Нұрбол Маралов. Ол – отбасындағы төрт баланың кенжесі. Қағылез Нұрбол бізбен әңгімесінде әркез әкесіне қарап бой түзейтінін, музыка саласының маманы болғысы келетінін айтты. 

                

Аялы алақан жылуы

«Балдәурен» лагері – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Қырымдағы «Артек» халықаралық балалар орталығының қазақстандық аналогы ретінде құрылған республикалық оқу-сауықтыру орталығы. Биыл журналистер НКОК компаниясының ұйымдастыруымен аталған лагердің оныншы жазғы маусымының жабылу салтанатына қатысып, оның жұмыстарымен жан-жақты танысты.

Балалар лагері «Бурабай» курорттық аймағының Щучье өзенінің жағалауында орналасқан. Мұнда демалыс үшін барлық жағдай жасалған. Оның аумағында ең жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес салынған білім беру, ойын-сауық және спорт нысандары қызмет етіп, балалардың дене шынықтыруына, шығармашылық және ойлау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Әртүрлі емдік, процедуралық бөлмелер қажетті жабдықтармен жабдықталған. Физика, химия және лингафондық кабинеттері, компьютерлік сыныптары да бар. Сондай-ақ, тренажерлық, спорттық ойын залдары жұмыс жасап тұр. Демалушыларға арналған бөлмелері кең. Бес мезгіл тегін тамақпен қамтылады. Мұнда кешенді дәрумендерге байытылған тағамдар да беріледі екен. Бұдан басқа, лагерь аумағындағы үлкен жылыжай да өз өнімдерін қысы-жазы ұсынып отыр.

Әлбетте, балалардың денсаулығын сауықтыру шаралары да шебер шешімін тауыпты. Атап айтқанда, демалушылар емдік ванналар қабылдап, массаж ала алады. Коктейль ішіп, таза ауада тынығуға да мүмкіндік бар. Бүгінде бұл лагерь – ТМД мен Орталық Азия елдеріндегі теңдесі жоқ балалар мекемесі.

– Әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасының бүлдіршіндері мен мектеп-интернат, балалар үйінің тәрбиеленушілері қамқорлықты аса қажет етеді.  Бұл бағытта биыл да кішкентай атыраулықтар үшін естен кетпес жазғы демалыс ұсынылды.  Балалардың қуанышы, жүздеріндегі шаттықты күлкі – біз үшін үлкен мәртебе, – дейді НКОК компаниясының қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім жетекшісі Жағыпар Егізбаев.

Оның айтуынша, аталған кәсіпорын балаларға тамаша демалыс ұсынып қана қойған жоқ, олардың барлық жол шығындарын да өтеді. Еріп барған тәрбиешілері де компания  қаржысымен қамтылды.

№18 орта мектептің мұғалімі Гүлмира Қаршегина бұл жазғы демалыстың өте жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап айтты. «Оқушыларды үш жыл қатарынан демалуға апарып келемін. «Балдәуренге» алғаш рет келуіміз. Бізге қатты ұнады. Мені, әсіресе, мұндағы оқу орталығының жұмысы да қатты қызықтырды. Оқытушылардың білім беру әдістерімен тәжірибе алмастық. Мұнда барлық сабақтар ойын түрінде өтеді. Оқу, ойын-сауық  бағдарламалары  жасөспірімдерге лайықталып құрылған. Ең бастысы, жеткіншектер өздеріне қажетті деген сабақтарға өз таңдаулары бойынша қатысады. Орталық қыс мезгілінде де жұмыс жасайды. Сондықтан, мұнда қыс айларында да келіп, тәжірибе алмассам деп ойлаймын» деді ол. 

Айта кету керек, НКОК компаниясы балаларға мұндай қамқорлық жасауды он жылдан бері ұйымдастырып келеді. Биыл да бұл игі дәстүр өз жалғасын тауып, атыраулық және маңғыстаулық балаларға ерекше көңіл-күй сыйлады. Осылайша, 2006 жылдан бері демеушілік негізінде қайырымдылық іс-шаралар нәтижесінде екі мыңнан астам балаға қамқорлық көрсетіп үлгерді.

%d0%bd%d0%ba%d0%be%d0%ba5

 ізгілік іздері

Компания кейбір жобаларды жергілікті жердің білім, денсаулық сақтау және спорт салаларын қамтитын мекемелерде де жүргізуде. Мәселен, Атыраудағы Ф.Оңғарсынова атындағы орта мектепті компьютермен қамтып, музыкалық аспаптар, жиһаздар, интерактивті тақта және басқа да жабдықтарды алып берді. Атырау қаласындағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт клубының арнайы секциясының қажеттілігін де қамтамасыз етті. Мұнда сауықтыруға арналған спорттық құралдарды сый ретінде ұсынды.

Атырау облыстық офтальмологиялық ауруханасы да медициналық құрал-жабдықпен қамтамасыз етіліп, көз ауруларына диагностика жасайтын арнайы аппараттар тапсырылды. Ұйымдастырылған баспасөз турында компанияның 2015-2016 жылдары қайырымдылық бағытында атқарған жұмыстарына куә болдық. Жалпы, сегіз білім беру, жеті денсаулық сақтау, үш спорттық, үш мәдени нысан компания демеушілігіне ие болды. Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлерін, көп балалы, аз қамтылған отбасыларының балалары үшін 12 арнайы жобаны іске асырды.

Компанияның мемлекеттік органдар мен сыртқы байланыс жөніндегі менеджері Серік Идранов еліміздің экономикалық-әлеуметтік дамуында бұдан басқа да көптеген шаралар жүзеге асырылып жатқанын айтты. Биыл мамыр айында жауыннан зардап шеккен 400 отбасы 20 миллион теңгені құрайтын үй шаруашылығына қажетті тұрмыстық техникалармен, құрылыс материалдарымен қамтылыпты. Соңғы 17 жылда Атырау және Маңғыстау облыстарының әлеуметтік-инфрақұрылымын дамытуға компания есебінен 160 жоба бойынша 500 миллион АҚШ доллары бөлінген. Мұның бәрі – Солтүстік Каспий Консорциумы Қашаған кенішінде әлі бір тамшы мұнай өндірмесе де, компания демеушілігімен жасалған іргелі жұмыстар.

 НКОК компаниясы 2015 жылы облыста 742 мың 995 АҚШ долларының 33 жобасын іске асырған. Осы жылы сәуірде қайырымдылық жобаларының таныстырылымы өтті. Оның 27-сі өткен жылы орындалса, биыл алтауы қолға алынды. 

 Шетелдік компанияның қайырымдылық жұмыстарына бөлінген жылдық бюджеті 1,5 миллион АҚШ долларын құрайды. 1998-2015 жылдар аралығында 14,5 миллион АҚШ доллары игерілді. Қолға алынған жобалар тұрғындардың қажеттілігіне қарай және аймақтың тұрақты түрде дамуына байланысты таңдалады. 2015 жылдың өзінде Маңғыстау, Атырау облыстарында 63 жоба жүзеге асты.

 

Атырау-Астана-Бурабай-Атырау.

Исатай

құндызбайұлы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз