Атыраулықтарға заңбұзушылықтарға қатысты қайда хабарласу керектігі айтылды

Жаңалықтар Құқық

Atr.kz/5 сәуір, 2020 жыл. Егер сіз заңбұзушылықтарды анықтасаңыз, 8 (7122) 27-60-80, 8 (701) 414 25 29 телефон номеріне хабарласыңыз!

Қазақстан  Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Н.Назарбаевтың және мемлекет басшылары  Қ.К.Тоқаевтың тапсырмаларын тиісті деңгейде орындау мақсатында азаматтардың өтініштерін уақтылы және тиімді қарау және қабылдау, сондай-ақ партия органдарының жұмысын бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде кеңінен көрсету мәселелері бойынша партиялық бақылау комиссиясының жұмысын күшейту үшін «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалының Партиялық бақылау комиссиясы бүгін азаматтардың өтініштеріне дұрыс көңіл бөлмейтін және төтенше жағдай кезінде уақытылы шешім қабылдамайтын лауазымды тұлғаларға  қатысты тиімді және жедел шаралар қабылдауға кірісті. 

Партиялық бақылау комиссиясы коронавируспен күреске бөлінген қаражатты тиімді жұмсау, карантиндік шектеулердің бұзылуын анықтау және жедел әрекет ету, азаматтарға әлеуметтік көмек бөлу және тарату, халықты қажетті қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету, жалақы мен әлеуметтік төлемдерді уақтылы төлеу, төтенше жағдай кезінде ерекше қажеттіліктері бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерін бақылауға алды.

Сондай-ақ, Комиссия аймақ тұрғындарының өтініштеріне жедел жауап береді. Осы талаптар бұзылған немесе орындалмаған жағдайда, лауазымды тұлғалар мен партия мүшелеріне қатысты шаралар қабылданады.

«Nur Otan» партиясының Атырау облыстық филиалы 2020 жылдың 31 наурызынан бастап қалада карантин енгізіліп, азық-түлік емес дүкендер, кафелер, мейрамханалар, ойын-сауық орталықтары, мұражайлар, кітапханалар, стоматологиялық және массаж бөлмелері, медициналық орталықтар, моншалар мен сауналар және т.б.демалыс орталықтарының уақытша тоқтатылуын көздейтін шектеу шаралары күшіне енгенін еске салады.

Азық-түлік дүкендері, дәріханалар, аса қажетті тауарларды сататын дүкендер, қаржы институттары, көлік барлық санитарлық және эпидемияға қарсы шараларды міндетті түрде сақтай отырып жұмыс істей алады. Құрметті азаматтар, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін төтенше жағдай режимін сақтауға шақырамыз!

Егер сіз заңбұзушылықтарды анықтасаңыз  8 (7122) 27-60-80, 8 (701) 414 25 29 телефон номеріне хабарласыңыз.

А.Абдолов,

«Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған