Атыраулық полицейлер 1 тоннадан астам бекіре балығы мен қара уылдырықты тәркіледі

Жаңалықтар Қылмыс

atr.kz/24 қыркүйек, 2020 жыл. Бұл туралы Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтарова хабарлады.

–Полиция департаменті қызметкерлері «Бекіре» жедел-профилактикалық алдын-алу шарасы кезінде Атырау–Орал тас жолы бойында балық тиеген Toyota Land  Cruiser көлігін ұстады. 345 дана бекіре балығы мен салмағы 200 грамм қара уылдырық тасыған Батыс Қазақстан облысының  28 және 29 жастағы екі тұрғыны осыншама балықты заңсыз жолмен Атыраудан Орал қаласына жеткізбекші болған. Тәркіленген бекірелердің жалпы салмағы 1тоннадан асады, – деді Г.Мұхтарова.

Қазір аталған жағдайға байланысты ұсталғандар қамауға алынды. Оларға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру  жұмыстары жүргізілуде. ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы, яғни  «Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу» бойынша мәселені анықтау ісі қолға алынды.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған