Атырауда шаруагерлер дәрігерлерге ауылшаруашылық өнімдерін таратты (+ФОТО)

img 20200422 wa0059 1 Жаңалықтар

Аtr.kz/22 сәуір, 2020 жыл. Бүгінде ел болып күресіп жатқан қауіпті індеттің бел ортасында ақ халаттылар жүр.  

«Соңғы науқас жазылып шыққанша үйге қайтпаймыз!» деген қағиданы берік ұстанып, қанша қиын болса да отбасынан алыста жүрген олардың бүгінгі жұмысы ерлікпен пара-пар. Бұл ретте барша халық дәрігерлерге бас иеді. Осы орайда облыстағы фермерлер одағы «Шаруагерлерден – дәрігерлерге!» акциясын қолға алды. «Қазақстан Фермерлер Одағы» қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалының төрағасы Мұрат Сармановтың айтуынша, акцияның басты мақсаты – аймақтағы барлық ауыл шаруашылығы саласын біріктіріп,  ақ халатты абзал жандарды табиғи таза өніммен қамту, оларға қолдау көрсетіп, демеу болу.

Осы орайда аймақтың әр түкпіріндегі шаруагерлер бір арнаға ұйысып, осынау игі іске қатысуға белсенділік танытуда. Өнімдердің алғашқы партиясын – 15 бас семіз секті Құрманғазы ауданынан тәжірибелі малбегі, өңірге танымал азамат, облыстық мәслихаттың депутаты Сабыржан Сұлтанов жолдады. Бұл көмектің өзі қаржылай есептелгенде бір миллион теңгені құрайды.

img 20200422 wa0060
img 20200422 wa0057
img 20200422 wa0062
img 20200422 wa0051
img 20200422 wa0063
img 20200422 wa0056 1

– Бұдан басқа, жинақталған көмек қорына Жылыой ауданынан табиғи  таза бірнеше литр шұбат пен қаймақ, 1,5 тонна көкөніс өнімдері қамтылды. Фермерлер тарапынан ұйымдастырылған осынау көмектің алғашқы легі облыстық онкологиялық диспансеріне табыс етілді. Одан әрі облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансеріне, облыстық ауруханаға, облыстық балалар ауруханасына, кардиологиялық орталыққа, Атырау қалалық перзентханасына, Береке ықшамауданындағы карантиндегі медициналық қызметкерлерге, облыстық тері ауруарлары диспансеріне, Сәбилер үйінің ұжымына, Атырау Сервис колледжіндегі медицина мамандарына жеткізілді. Бұл таратылған табиғи өнімдер қазіргі қиын шақта ақ желеңділердің бойына қуат береді деп сенеміз, – деді  Мұрат Сарманов.

Бүгін облыстық Фермерлер Одағы төрағасының орынбасары Нұртас Байжанов осынау акция аясында жұмыстардың басы-қасында жүріп,  ақ халаттылар үшін жинақталып, дайындалған көмекті белгіленген денсаулық сақтау ұйымдарына  ұсынып, үлестірді. Оның айтуынша, осынау қамқорлық шарасы облыста карантин аяқталғанға дейінжалғасады. Апта сайын сала мамандары өңір шаруашылықтарының өнімдерімен қамтамасыз етіледі деп күтілуде.

Осылайша, қыр төсінің майталман шаруагерлері бүгінгі күннің батырлары – дәрігерлерге ерекше ыстық сәлемін жолдауда. Ең бастысы, олар қауіпті дертті ауыздықтап, жарқын күндеріміз жақын болса екен деген тілекте.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

img 20200422 wa0050
img 20200422 wa0048
img 20200422 wa0049
img 20200422 wa0046
img 20200422 wa0053 1
img 20200422 wa0055 1
img 20200422 wa0047 1
img 20200422 wa0054
http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauda-zhylytu-mausymy-aяqtaldy/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз