Атырауда құрылған “Ықыласты бауырлар” еріктілері блок бекеттерге ыстық тағам апарды (+ ВИДЕО)

COVID-19: Соңғы поштадан... Адамгершілік айнасы Жаңалықтар

Атыраудағы орталық “Иманғали” мешіті жанынан құрылған “Ықыласты бауырлар” қайырымдылық орталығы елде орын алып жатқан төтенше жағдайға байланысты, Атыраудың қақпасын күзетіп тұрған полиция қызметкерлері мен әскерилерге ыстық тағам мен сусын апарып берді деп хабарлайды amin.kz.

Қазіргі таңда Атыраудың негізгі қақпаларында төрт блок пост орналасқан. Кіру-шығу бекеттерін 24 сағат бойы әскерилермен бірге, полиция қызметкерлері күзетуде.

“Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бұған дейін ел мұсылмандарын жақсылық жасауға, бірлесіп, дұға етуге үндеген болатын. Елордадан бастау алған “Қайырымдылық керуені” жобасы бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінен қолдау тауып жатыр. Сын сағатта әскерилер мен полиция қызметкерлеріне қолдау білдіру арқылы, бірге екенімізді көрсеткіміз келді” дейді “Ықыласты бауырлар” орталығының еріктілері.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған