Атырауда қандай қызметтерге тыйым салынады?

toi 12 scaled COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz / 10 шілде, 2020 жыл. Мейрамхана, асхана және барлық қоғамдық тамақтану орындары, сондай-ақ, азық-түлік емес дүкендер енді тек қана жеткізіп беру қызметімен ғана айналыса алады.

Ал, көпшілік және отбасылық шараларға бұрынғыдай тыйым салынады.

Бұл туралы Атырауға арнайы келген Премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжанов айтты. Сонымен қатар, Атырауда Алматы-Атырау, Ақтөбе-Атырау және Маңғыстау-Атырау бағытындағы жолаушылар пойызы тоқтатылды.

Сол секілді, вахталық әдіспен жұмыс жасайтындар үш күн бұрын коронавирустың бар-жоғын анықтайтын ПТР-тест тапсырады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Сурет автордікі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз