Атырауда мыңға жуық ата-ана екпе салдырудан бас тартты

Жаңалықтар Медицина

Atr.kz/10 ақпан, 2020 жыл. Былтыр атыраулық 800-ден астам ата-ана екпе салдырудан бас тартыпты. Ал, жаңа туылған 466 нәрестеге туберкулезге қарсы вакцина мүлде салынбаған.

Бұл соңғы бесжылдықтағы рекордтық көрсеткіш екен. Облыстың тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бас маманы Зүлфия Қайреденованың айтуынша, басты себеп – діни көзқарас болып отыр.

– Манту сынамасын салдырмаған балалар айналасындағы құрдастары үшін қауіп төндіреді. Себебі, дәрігерлер туберкулезді дер кезінде анықтап, емдеу процесін бастай алмайды. Аймақта өткен жылы туберкулезбен алғаш рет ауырған 426 жағдай анықталды (2018 жылы олардың саны 469 болған. Авт.). Яғни, республикалық көрсеткіш – 32 пайыздан асып отыр. Ата-аналармен өткен кездесуден кейін 52 балаға қосымша БЦЖ вакцинасы жасалды, – дейді ол.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Тағы оқыңыз:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған