Атырауда «42 500 теңге» ​ алу үшін 1500-ге жуық өтініш түскен

Жаңалықтар Әлеумет әлеуеті


Өңірде ​ 2 140 қызметкерге ​ әлеуметтік төлем тағайындау үшін ​ жұмыс берушілерден ​ 1 489 өтініш келіп түскен, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.​
Қазіргі уақытта ​ штаб отырыстарында 403 жұмыс берушілерден түскен 412 өтініш қаралып, әлеуметтік төлем тағайындауға Азаматтарға арналған Үкіметке жолданды.​
Бұған дейін ӨКҚ-де өткен онлайн-брифингте ​ облыстық ​ Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Серік Қамидолла ​ шілде айына берілетін 42 500 теңгені 5 санаттағы адамдар ғана ала алатынын мәлімдеген еді.​
Олар жалақы сақталмайтын демалыста жүрген жұмыскерлер, дара кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, нысанасы жұмыстарды орындау болып табылатын азаматтық – құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын және БЖТ төлеуші жеке тұлғалар. Өтініштер 2020 жылғы 1 қыркүйекке дейін қабылданады, – деді басқарма басшысы.
Айта кетейік, біржолғы төлем тағайындау туралы өтініш:
1) «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы;
2) Enbek.kz порталы арқылы;​
3) жалақы сақталмайтын демалыста жүрген жұмыскерлерден басқа адамдар үшін – электрондық үкіметтің telegram-bot-ы және ​ 42500.enbek.kz aitu-bot порталы арқылы;​
4) екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы беріледі;

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған