Атырауда Мемлекеттік хатшының қатысуымен «Asar» форумы өтеді

Жаңалықтар Шаһар шырайы

Атырауда 30-31 қазан аралығында І республикалық «Asar» үшжақты ынтымақтастық форумы өтеді.

форум

Форум жұмысына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықовамен қатар, бірқатар министрліктер мен әкімдіктердің, сондай-ақ, үкіметтік емес ұйымдар мен бизнес қауымдастық өкілдері қатысады деп күтілуде.

Басқосудың мақсаты – үшжақты әріптестікті және сондай-ақ, мемлекет, ҮЕҰ және бизнес саласында  үшжақты ынтымақтастық тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу  арқылы әлеуметтік жауапкершілікті дамыту.

Шара барысында әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі, «Үкіметтік емес ұйымдар-бизнес-мемлекет: ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері» атты пленарлық сессия, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында әзірленген «Әлеуметтік бастамалар картасының» таныстырылымы болады. Сонымен қатар, ҮЕҰ-бизнес-мемлекеттік органдар арасындағы аймақтық және ұлттық деңгейде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі жоспарланған. Одан бөлек, түрлі тақырыптарда семинарлар мен шеберлік сабақтары, интерактивті дәрістер ұйымдастырылатын болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған