Атырауда кәсіпкерге күш көрсеткен күдікті ұсталды

Kulak1 Жаңалықтар

Бизнесменнің үйірін ұшырып, олжалы болғысы келген күдікті қолға түсті. Анықталғандай, 27 жастағы азамат кәсіпкерге күш көрсетіп, оны бопсалау арқылы оңай олжаға кенелгісі келген.

Kulak1

Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Күдікті жәбірленушіден 1 200 000 теңге талап еткен екен. Полицейлердің жедел іздестіру шаралары нәтижесінде ол 100 мың теңгені қолма-қол алу кезінде ұсталды. Оның иелігіндегі «Кia Soul» автокөлігінен қолдануға тыйым салынған жасыл түсті шөп табылған. Сондай-ақ, көліктің жүк салғышынан «ИЖ-17» маркалы шолақ мылтық тәркіленді.

Енді ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазір Қылмыстық кодекстің 194 бабы, екінші бөлімі, екінші тармақшасы негізінде қылмыстық іс көтеріліп, тергеу амалдары жүргізілуде.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз