Атырауда есірткі тасымалдаған азамат қоғамдық жұмысқа тартылды

Жаңалықтар Заң Шаһар шырайы

Облыстық соттың баспасөз қызметі Құрманғазы ауданында есірткі тасымалдаған азамат ұсталғанын хабарлады. Ол Ганюшкин ауылындағы Тәуелсіздік саябағына барып, Шарон өзенінің жағалауында өсіп тұрған сора (конопля) түріндегі жабайы өсімдікті жинап, жеке мақсатта пайдаланғысы келген екен.

1440393196lxnnh

Осылайша, шөпті қара түсті полиэтилен пакетке салып, үйіне бара жатқан кезде оны полиция қызметкерлері ұстаған. Сот-химиялық сараптама нәтижесінде, аталған өсімдік кептірілмеген марихуана екендігі анықталды. Құрманғазы аудандық сотында айыпталушы өз кінәсін мойындап, есірткіні көптен бері пайдаланатынын, оны жинап, кептіріп сақтайтынын да жайып салды. Сөйтіп, сот үкімімен Қылмыстық кодекстің 296-бабының екінші бөлігімен кінәлі деп танылып, 180 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған