«Артық білім кітапта…»

Жаңалықтар Мәдениет

Atr.kz/31 қаңтар, 2019 жыл. «Атырау-Ақпарат» ЖШС-нің баспасөз клубында жергілікті қаламгерлердің шығармашылығына өріс ашып, олармен тығыз байланыс орнату, баспахана өнімдерін жарнамалау мақсатында «Артық білім кітапта…» тақырыбында ашық пікір алмасу ұйымдастырылды.

Жиында баспахананың әдеби редакторы Әбілхан Төлеуішев жыл қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Оның айтуынша, 2014 жылы серіктестік баспаханасынан небәрі 15 кітап шықса, 2018 жылы – 50, ал, былтыр жерлес ақын-жазушылар қаламынан туған 61 кітап оқырманға жол тартқан.

Сондай-ақ, соңғы жылдары мекемеұйымдармен, оқу орындарымен байланыс жолға қойылды. Х.Досмұхамедов атындағы мемлекеттік университет және С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеттерінен монографияларға, облыстық музей мен салалық кәсіподақ ұйымдарынан, мектептерден кітаптарға тапсырыстар түскен. Бірқатар баспа өнімдеріне қысқаша шолу жасаған Әбілхан Төлеуішев алға қарай да жергілікті авторлармен шығармашылық байланыста болуға мүдделілік танытты.

Өңірдің қабырғалы қаламгері, ғалым-ұстаз, жұмекентанушы Қадыр Жүсіп баспаханадан шыққан кітаптардың сапасына, безендірілуіне баса назар аударды. Әсіресе, көбіне олқы соғып жататын кітапты түптеу жұмысы талапқа сай екендігін баяндады. Еңбек ардагері Хамза Ғабдолла нарық жағдайында салыстырмалы түрде алғанда өзімізден шығып жатқан кітаптардың бағасының қолжетімді екендігін нақты мысалдармен жеткізді.

«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, тарих ғылымдарының кандидаты Қылышбай Сүндетұлы кітап басуға қажетті шикізаттың бәрі шекара асып, алысж а қ ы н ш е т е л д е р д е н тасымалданатындығын, сондықтан баспа өнімінің өзіндік құны сәл жоғарылау болғанына түсіністікпен қарау керектігін көпшілік қаперіне берді.

– Соңғы кезде жаңа технологияларға негізделген түрлі ақпараттық байланыс құралдарын тұтынушылар қатары күрт артып, газетж у р н а л д а р ғ а д е г е н сұраныс азайып барады. Бұл да ойланатын мәселе, қалай болғанда да газеттен айырылып қалмауымыз керек. Әлеуметтік желі, смартфон дегендерің уақытша нәрсе, жазған-сызғанның бәрін өшіріп тастауға болады, ал, тасқа басылған тарихымызды болашаққа ұрпақтарға аманаттауымыз керек, – деді Қ.Сүндетұлы.

Ол кітап авторларымен тікелей байланыс жасап жүрген баспа менеджері Зиза Есенғалиеваға салалық кәсіподақтың Алғыс хатын табыстады. Жиында белсенді автор, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Таңатар Дәреловтың «Көкжиекке күн жақын» кітабының тұсауы кесілді.

Нұрым ЕРҒАЛИЕВ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған