2023 жылға дейін кімдердің еңбекақысы екі есеге өседі?

Жаңалықтар Әлеумет әлеуеті

Atr.kz/16 қаңтар, 2020 жыл. ҚР денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстандық салалық денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағы ұзақ жылдар әлеуметтік әріптестік деңгейінде республикалық салалық келісім қабылдап, медицина қызметкерлерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуда айтулы жетістіктерге жетуде.

        Күні кеше ҚР денсалық сақтау министрі Е.Біртанов және Қазақстандық салалық денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Б. Тажібай кезекті 2020-2022 жылдарға арналған салалық келісімге ресми түрде қол қойды. Бұл салалық келісімде денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің құқығын қорғауды, әлеуметтік жағдайларын жақсартуды, сонымен қатар 2023 жылға дейін сатылы түрде еңбекақыны екі есеге дейін көтеру көзделген.

        Айта кететін жағдай, өткен жылдың аяғында Қазақстандық салалық денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының кезекті XIII съезінде бес жылдық атқарылған жұмысқа есеп берілді. Съезде кәсіподақтың жаңа төрағасы Бағытжан Арынұлы Тажібай сайланды. Б.Тажібай осы уақытқа дейін Нұр-Сұлтан қаласы кәсіподақ филиалының төрағасы міндетін атқарған.

      Съезд делегаттары кәсіподақты ұзақ жылдар басқарған М.С.Бутинаға үлкен ризашылығын білдірді.

     Казақстандық салалық денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағы өз кәсіподақ мүшелерінің құқығын қорғауда, әлеуметтік-экономикалық жағдайларын жақсартуда биік жетістіктерді межелейді.

Нұртан САРСЕНОВА

Қазақстандық салалық денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағы Атырау облыстық комитетінің төрайымы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған