625 келі бекіремен ұсталды

201014180241263e Жаңалықтар

Atr.kz/15 қазан, 2020 жыл. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Балық қорына қылмыстық қол сұғушылықпен күрес бөлімінің қызметкерлері аса ірі мөлшерде бекіре балығын тәркіледі.

«14 қазанға қараған түні Жайық өзенінің Дамба ауылы тұсында бірінші өзекте тәртіп сақшылары «Yamaha» аспалы моторы бар қайықты тоқтатты. Қайықтан жалпы салмағы 625 келі болатын бекіре тұқымдас балықтардың 238 данасы табылды. Осы дерекке байланысты Жаңаталап елді мекенінің 31 жастағы тұрғыны ұсталды. Қазір күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 339-бабымен (Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерімен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеу басталды», – деді Атырау облыстық полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз