«100 жаңа есім» жобасы бойынша әзірге ең көп дауыс жинаған кімдер?

Жаңалықтар Рухани жаңғыру

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы жұма күні шегіне жетіп, қарашаның 10 күні онлайн дауыс беру аяқталады,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ФОТО - 100 ЕСІМ

Еске сала кетсек, жобаға дауыс беру 100esim.el.kz сайтында 18 қазан күні басталған болатын. Онлайн дауыс беруге 302 кандидат ұсынылып, үміткерлер қызмет саласы бойынша 6 санатқа бөлінген. Яғни, ғылым – 45 адам, спорт – 42 адам, қоғам – 86 адам, медицина – 46 адам, мәдениет – 37 адам және бизнес – 46 адамның қазіргі таңда «Қазақстанның 100 жаңа есімінің» қатарынан көрінуге мүмкіндіктері бар. Дауыс беруге ұсынылған кандидаттар Астана, Алматы қалалары және елдің барлық облыстарын қамтып отыр.

Осы ретте 6 сала бойынша ең көп дауыс жинап, қатарластарынан оқ бойы озық шыққан үміткерлерді теріп көрелік. Демек, біз атайтын 6 адам жобаның үздіктері – дауыс беруге әлі де 5 күн бар десек те, «Қазақстанның 100 жаңа есімінің» қатарынан көрінуге толық мүмкіндіктері бар. Атап айтқанда, 2316 дауыс жинаған Паролимпиада чемпионы Зүлфия Габидуллина спорт саласында ең көп дауысқа ие үміткер екен. Ал, Татьяна Кучер 2533 дауыс жинап, ғылым саласында көш басына шыққан. Жобадағы ең көп дауыс жинағандардың бірі – мәдениет саласындағы композитор, пианиношы Рахат-Би Абдысағин (5035). Алайда бизнес саласындағы көшбасшының дауысы одан да көп. Ондағы шымкенттік меценат Қайрат Молдасейітов 7449 дауыс жинап, жобаға қатысушы кәсіпкерлердің алдына шыққан. Ақ халатты абзал жандардың ішінде Ләззат Айтқожина 3669 дауыс арқылы үздік үмітерлерді бастаса, қоғам саласының үздігі Белла Газдиева 5162 дауыс жинаған.

Айта кетсек, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасын іске асыру нәтижесінде Қазақстанның дамуына қомақты үлес қосқан адамдардың нақты тарихы мысалында қоғамда табыстылық идеяларын, меритократия, бәсекелестік принциптерін, білім және прагматизм культын насихаттау және дамыту арқылы қоғам санасын рухани жаңғырту көзделеді.

Айқара Ғұмар

Фото abctv.kz сайтынан алынған

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған