ЕЛ ҮКІМЕТІ ОТСТАВКАҒА КЕТТІ

akorda Жаңалықтар

Atr.kz/21-ақпан, 2019 жыл. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Үкіметінің орнынан түсуі туралы Жарлыққа қол қойып, Премьер-Министрдің міндетін уақытша атқаруды Асқар Маминге жүктеді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын.

5c20bb38 300c 4707 be3d 156822857771 1

2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқару Асқар Ұзақбайұлы Маминге жүктелсін.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін.

4.   Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

  Президенті   Н. Назарбаев

Астана, Ақорда, 2019 жылғы  21 ақпан    

              №  845

akorda



Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз