ӘР ҮЙГЕ ЖЫЛУ МЕН ЖАРЫҚ СЫЙЛАҒАН

атыраулық энергетиктер 50 жылдығын атап өтті

19 желтоқсан күні Махамбет Өтемісұлы атындағы драма театрында өңірдегі энергетикалық кешеннің 50 жылдығы және энергетиктердің төл мерекесі аталып өтті.
Осы айтулы күнге арналған салтанатты жиналыста облыс әкімінің атынан оның орынбасары Шыңғыс Мұқан сөйлеп, мұнайлы мекен энергетиктерінің аймақ экономикасын дамытуға сүбелі үлес қосып отырғандығын айтты.

Ол бір топ еңбек озаттарын еліміздің мәртебелі наградаларымен және облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапаттады. Ал, «Атырау-Жарық» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің төрағасы Оразғали Қаршегенов республикамыздың экономика саласындағы іргелі жетістіктері үшін «Қазақстан даңқы» орденіне ие болды.

(«Атырау-Жарық» акционерлік қоғамының 50 жылдығы және энергетиктер күніне арналған толық репортажды газетіміздің келесі санында береміз).

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз