Атырау қаласында әскери қызметке ниетті жастар көп

       Ағымдағы жылдың 5-наурыз күні Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі Маңғыстау облысы бойынша департаменті жағалау күзеті 3 -ші дивизионның ТИжКЖ бөлімінің бастығы подполковник Р.М Баетовтың ұйымдастыруымен Атырау қаласы әскери техникалық мектебінің басшысы полковник Р.С Тұрсағатов мырза және Атырау қаласының қорғаныс істер жөніндегі басқармасының басшысы подполковник Б.Казахов мырзамен келіссөздер жүргізу арқылы, жас азаматтарымен кездесулер  өткізілді

4. armiia

     Кездесудің негізгі  мақсаты – жоғарғы әскери оқу орынына түсу талаптарын және әскери қызметке келісімшарт бойынша орналасқысы келетін үміткерлерге бағыт -бағдар беріп,құжаттарды рәсімдеу бойынша түсіндірілді.

       Кездесу барысында подполковник Р.М.Баетов қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің  мәртебесі туралы айтып берді. Сонымен қатар, бүгінгі таңдағы әскери қызметкерлердің әлеуметтік тұрғыдан қамтамасыз етілуі сұрағы бойынша сұхбат жүргізілді. Шекара қызметінің қайта құру кезеңінің өтіп және болашақта не күтіп тұрғанын айтты.

       Нәтижесінде келісім шарт бойынша әскери қызметке 11 үміткер жұмысқа кіруге ниет білдірді. 

       Кездесу  соңында Р.М Баетов үміткерлерге болашақ өмірлерін Отанына қызмет атқару бойынша дұрыс шешім қабылдағандарын және еңбектерінің зая кетпей жемісін көретіндерін айтты.

     Ер боламын деген әрбір азаматтың патриоттық сезімдерін оятуға және болашақ буындарды осыған баулығымыз келеді.

 А.Ж Сейітханов,

ҚР ҰҚҚ ШҚ Маңғыстау облысы бойынша

департаменті жағалау күзетінің 3-ші дивищион тәрбиелік,

идеологиялық және кадрлық жұмыс бөлімінің офицері,

аға  лейтенант                                                                                     

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз