Жарнама
Ауыл шаруашылығы

Жайылмалардан жүздеген мың шабақ құтқарылды

Облыс аумағындағы каналдардан бөлініп қалған жайылма сулардан балық шабақтарын құтқару жұмыстары жүргізілді.

             Жайық-Каспий облысаралық басейндік балық шаруашылығы инспекциясының бас маманы Алмас Жұмашевтің айтуынша, балық қорғау мақсатында ұйымдастырылған шараға Атырау, Махамбет, Теңіз, Дамбы балық инспекциясы  бөлімінің мамандары, «АрнаулыАвтобаза», «Абылай-Хан», «Амангелді», «Восток» ЖШС-тері, «Сағиева» ШҚ, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері мен  №5546 әскери бөлімнің сарбаздары қатысты. Аталған құрылымдардың күшімен   «Атырау-Доссор» тас жолы бойындағы «Соколок» каналынан бөлінген жайылма сулардан  646 мың дана балық пен балық шабағы құтқарылып, Жайық өзеніне жіберілді.

            Сондай-ақ, осы шараның шеңберінде Теңіз балық инспекциясы бөлімінің,  «Тілекші», «Долгий» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері және «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының мамандары әскери қызметшілермен бірлесіп, арнайы сүзу құралдарының көмегімен «Маломокрый» су арнасынан 93 мың данадан астам шабақтардың құтқарылуын қамтамасыз етті. Бұдан бөлек, осы кезеңде Махамбет балық инспекциясы бөлімінің өкілдері, Жалғансай және Сарайшық ауылдық округі аппаратының қызметкерлері мен еріктілер ынтымақтасып, Жалғансай ауылы аумағынан, «Атырау-Орал» тас жолы бойындағы жайылма сулардан 81 мың «су маржаны» мен балық шабақтарын аман алып қалды.  

            –Тұтастай алғанда, бір аптада барлығы 820 мың дана балық шабағын құтқарудың мүмкіндігі туды, — деп түйіндеді сөзін инспекция өкілі.

Дәулетқали АРУЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button