Жарнама
Ауыл шаруашылығы

Қызылқоғада шегірткеге қарсы күрес күшейтілді

Қызылқоға ауданында көктем шығысымен шегірткеге қарсы күрес жұмыстары қарқын алды. Биыл ауданда 21 мың гектар жер итальяндық прус шегірткесіне қарсы химиялық өңдеуден өтеді. Алғашқы ошақтар Ойыл ауылдық округінен анықталып, жедел түрде улау шаралары басталды.

7da83121 8c50 446d 8bd9 f0c2690e3b1e

Қызылқоға аудандық әкімдігінің баспасөз хатшысы Жанас Қожырбаевтың хабарлауынша, зиянкестерге қарсы өңдеу жұмыстарында заманауи әдістер кеңінен қолданылып жатыр. Атап айтқанда, улы препараттар дрондар арқылы шабындық алқаптарға себіліп, шегірткелерге қарсы тиімді әрекет жасалуда.

Қызылқоға аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Руслан Шұғайыповтың айтуынша, 6 мамырдан бастап шегіртке дернәсілдері жер бетіне шыға бастаған, содан бері барлау және улау шаралары жүйелі түрде жүргізілуде.

ce8e1151 fd6d 4789 b739 6789095aa7f1

«Қолданылып жатқан ‘Койра Инсектицид’ препараты 2 аптадан 4 аптаға дейін тиімділігін сақтайды. Уланған аумаққа шегірткелер қайта келіп, уланған шөпті жесе де қырылады. Қазір Ойыл округінде жұмыс жүргізудеміз, алда – Көздіғара, Миялы, Тайсойған ауылдық округтері тұр», – деді инспекция басшысы.

Улау жұмыстарын жеделдету үшін көршілес облыстардан екі газ генераторы бар арнайы автокөлік жеткізілді.

1ad8a387 1e96 487c b322 6659105057a3

Шаралардың орындалу барысымен танысу үшін Атырау облыстық мәслихатының депутаты Айбар Ерекешов арнайы келіп, жүргізіліп жатқан процесті бақылап шықты.

39032fdb 51ed 4674 a236 2d40fd6933ac

«12 жылда бір рет қайталанатын бұл шегіртке түрі өте қауіпті. Қызылқоға ауданы — ірі шабындық аймақ. Бұл өңір тек өзін ғана емес, Жылыой, Махамбет, Исатай аудандарын және Маңғыстау облысының біраз бөлігін шөппен қамтамасыз етеді. Сондықтан бұл аумақты аман сақтау – стратегиялық маңызға ие», – деді депутат.

385709ba 470e 4db2 8da3 0a478aead953

Қауіпсіздік мақсатында уланған аумақтар белгіленіп, тұрғындарға мал жаюға тыйым салынатыны туралы ескерту жасалды. Жақын күндері күрес шаралары Тайсойған округінің Ойтаң аумағында жалғасады.

863d3a5d 1eeb 4c05 8e5d 4cbf166a9180

Аудан әкімдігі шегірткемен күресті тек улау емес, ауыл шаруашылығын, мал азығын және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қорғау жолындағы маңызды іс деп бағалап отыр.

c5dd0e53 a116 497a b311 bd2d4b8738f5

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button