Жарнама
Ауыл шаруашылығы

Қой шаруашылығының жаңа дәуірі басталды

Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында ауыл шаруашылығы саласындағы маңызды оқиғалардың бірі – «AUYL FEST. Қой шаруашылығы – 2025» тұңғыш Халықаралық форумы өз жұмысын бастады.

9f06a1d3 61cc 4edd a4a6 f742654139e2

Форумның ашылу салтанатына Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің Аграрлық комитеттің төрағасы, «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі Ералы Тоқжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қарақат Әбден, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин және министрліктерден өкілдер қатысты.

689b5fa6 557d 4114 980e dcc979ac19de

Аталмыш шараға, «Ауыл» партиясының Атырау облысы бойынша өңірлік филиалының төрағасы Нұртас Байжанов бастаған  облыстық және аудандық деңгейдегі депутаттар, аумақтық партия төрағалары мен партия белсенділері қатысты.  Сонымен қатар, Атырау облысы әкімінің орынбасары Марат Мурзиев Бисенғалиұлы, Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Саламат Амангелді Сағидоллаұлы, аудандық бөлім басшылары мен шаруашылық өкілдері қатысты.

4ce94528 c0f0 4850 9549 da8a5cc03eb0

Сондай-ақ, форум жұмысына отандық сарапшылармен қатар Ресей Федерациясы, Қытай Халық Республикасы, Венгрия, Франция және Иран Ислам Республикасынан келген халықаралық қонақтар, ғалымдар мен ауыл шаруашылығы саласының мамандары қатысты.

534ce1d4 c3c5 4861 bcd8 d168323666f0

Форум аясында қой шаруашылығы өнімдерінің сапасын арттыру, жаңа технологияларды енгізу, мал шаруашылығындағы инновациялық тәсілдер, экологиялық тұрақтылық пен экспорттық әлеуетті кеңейту бағыттары кеңінен талқыланды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөздерінде ауылдың әлеуетін арттыруға ерекше назар аударып келеді және 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы»деп жариялаған болатын. Бұл бастама – еңбек адамының мәртебесін көтеріп, нақты өндіріс пен кәсіптік-техникалық білім беру саласына жаңа серпін беруге бағытталған маңызды қадам», – деді облыс әкімі Нариман Төреғалиев. 

Жалпы форумның басты мақсаты – ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты нығайту, заманауи технологияларды енгізу арқылы отандық қой шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button