Жарнама
Ауыл шаруашылығы

ҚОЙ ҚОЗДАП, ҚОРАДА ШУ…

Бүгінде облыс өңірлерінде мал төлдету маусымы өткізілуде. Жаппай төлдеу сәуір айынан басталады деп жоспарланғанымен бірқатар шаруашылық құрылымдары бұл науқанды ертелеу бастап та кетті.


Солардың бірі – индерлік шаруагер Қайролла Өмірғалиев. Біраз жылдан бері атакәсіппен айналысып, содан нәсібін тауып келе жатқан азамат бүгінде өзі құрған «Ынтымақ» шаруа қожалығының басшысы.

«Мал өсірсең қой өсір, табысы оның көл-көсір» демекші, бұл қожалық та негізінен еділбай тұқымды қазақы қойды өсірумен шұғылданады. Индер ауданының Өрлік ауылдық округі аумағындағы «Таласкөл» участогін қоныстанған малбегі қыс қыстағын осында өткізеді. Жаз жайлауы да осы жерден қашық емес көрінеді.
-«Шопан ата» түлігінің бағымы мен бабын келістірген шағын шаруашылықтың қарамағындағы мал басы жылдан-жылға өсіп келеді. Қойдың күй-қоңы да жақсы. Малшылардың табыстары да тым-тәуір. Тапқан нәпақаларына разы болған олар жұмыстарын ыждағаттылықпен атқарып, малдың басын аман сақтап, өз төлі есебінен көбейтуді дағдыға айналдырған. Қашан да өзгелерінен көшілгері жүруге дағдыланған «Ынтымақ» шаруа қожалығы мал төлдету науқанын басқаларынан бұрынырақ бастап, шопанның «қызыл қырманын» қыздырып, әріптестеріне үлгі болуда, — дейді аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Мәмбетқали Құсайынов.


Дәулетқали АРУЕВ,
Индер ауданы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button