Жарнама
Ауыл шаруашылығы

Қазақстанда «Уылдырық шашу» кең ауқымды балық қорғау акциясы басталады

Көктемгі-жазғы кезеңде Қазақстанда табиғи өсімін молайту кезеңінде су биоресурстарын сақтауға бағытталған «Уылдырық шашу» дәстүрлі балық қорғау акциясы өткізіледі. Өңірлік және ауа райы-климаттық ерекшеліктерін ескере отырып, акция 2025 жылдың сәуір-мамыр айлары аралығында еліміздің түрлі облыстарында әртүрлі уақытта өтеді.

Республика Ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Арал-Сырдария, Балқаш-Алакөл, Есіл, Зайсан-Ертіс, Нұра-Сарысу, Тобыл-Торғай және Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекцияларының басшыларына балық қорларын қорғау жөніндегі шараларды күшейту тапсырылды. Браконьерлікпен күреске, уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салудың сақталуын бақылауға, сондай-ақ халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге басты назар аударылатын болады.

Акция аясында рейдтік іс-шаралар, су айдындарының мониторингі және табиғат қорғау заңнамасының сақталуын тексеру жоспарланған. Аталған министрліктің Балық шаруашылығы комитеті балықшылар мен азаматтарды белгіленген шектеулерді сақтауға және табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға шақырады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button