Жарнама
Ауыл шаруашылығы

Қазақстанда ірі және ұсақ малдың асыл тұқымды аналық басын экспорттауға тыйым салынды

Ауыл шаруашылығы министрінің қызметін атқарушы және Қаржы министрінің 2024 жылғы 27 тамыздағы «Ауыл шаруашылығы жануарларын әкетудің кейбір мәселелері туралы» бірлескен бұйрығы бекітілді, — деп хабарлайды Zakon.kz.

«Алты ай мерзімге Қазақстан Республикасының аумағынан асыл тұқымды ірі қара және ұсақ малдың аналық басын әкетуге тыйым салу енгізілсін», — делінген құжатта.

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі қабылданған шаралардың қолданылуы туралы заңнамада белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық комиссияны хабардар етуге міндеттелді.

Бірлескен бұйрық 2024 жылғы 13 қыркүйекте күшіне енеді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button