Жарнама
Ауыл шаруашылығы

ҚАПТАҒАН ҚАРАҚҰРТТАН ҚАЙТСЕК ҚҰТЫЛАМЫЗ?

            Бұған дейін хабарланғанындай, биыл облыстың Индер және Махамбет аудандарында қарақұрт көбейіп, тұрғындарды әбігерге салғаны белгілі. Улы жәндіктер осы өңірлердегі ауылдық округтердің жайылымдық жерлерін жайлап алды. Ал  былтыр улы жәндіктен 13 адам зардап шегіп, 90 түйе өлген болатын. Қазіргі ахуал қалай, қарақұртқа қарсы қандай қарекет жасалынуда?      

Облыс аумағында соңғы үш жылда улы бүйі – қарақұрттың (черная вдова) көбейіп, ауыл шаруашылығы жануарлары, оның ішінде түйе малы көптеп зардап шегуде. 2024 жылдың маусым-шілде айларында облыстың құмды өңірдерінде 485 бас  малды қарақұрт шағып (жануардың ауру анемнезі, сыртқы клиникалық белгілеріне қарай солай жорамалданды), нәтижесінде 90 бас мал шығын болды, 395 бас жануар симптоматикалық емдеу нәтижесінде сауықты.

Облыстық ауылшаруашылығы және жер қатынастары басқармасы ветеринария бөлімінің бас маманы Ықылас Азаматовтың айтуынша, биыл 685 бас ауыл шаруашылығы жануарларын қарақұрт шағу фактілері тіркеліп, 67 түлік шығын болған. Ал 618 жануар симптоматикалық емдеу шараларының нәтижесінде сауықтырылды.

– Аталған табиғи жағдайы жылдан жылға орын алып, мал иелері тарапынан наразылық күшеюде. Мәселен, ауыл шаруашылығында оның ішінде егін шаруашылығына зардап келтіруші шегірткені улауға арнайы бюджеттен қаржы қарастырылған. Сол секілді ауыл шаруашылығы жануарларымен адамға бірдей қауіп әкелетін қарақұртты жоюға немесе залалсыздандыруға облыстық бюджеттен қаржы қарастырылса, артық болмас еді. Және қарақұртты аса қаупті де қатерлі жәндіктердің санатына жатқызып, арнайы реестрге (тізілімге) енгізген дұрыс. Тек сонда ғана қарақұрттың көзін жоюға мүмкіндік туар еді, — дейді бас маман.

Дәулетқали АРУЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button